Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1244715?lang=kk
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініңбірінші орынбасары Нұрлыбек Налібаевтыңтөрағалығымен «Сайрам-Өгем» мемлекеттікұлттық табиғи паркінің аумағында экологиялықтуризмді дамыту мәселелері бойынша алғашқыкөшпелі кеңес өтті.
Жұмыс сапарына Қазақстан РеспубликасыЭкология және табиғи ресурстар министріЕрлан Нысанбаев, Түркістан облысының әкіміНұралхан Көшеров, Шымкент қаласы әкімініңбірінші орынбасары Кәрімов Айдын, салалықмемлекеттік органдардың басшылары, жергілікті атқарушы органдар мен бизнес өкілдері қатысты.
Сапар барысында қатысушылар ұлттық парк аумағында экологиялық туризмді дамытуғажәне заманауи туристік инфрақұрылым құруғабағытталған перспективалы инвестициялықучаскелермен және жобалармен танысты.
Кеңес аясында мүдделі инвесторлардыңөкілдері өз жобаларын таныстырды. ҚазақстанРеспубликасы Экология және табиғи ресурстарминистрлігі Орман шаруашылығы жәнежануарлар дүниесі комитетінің төрағасыДанияр Тұрғамбаев экологиялық туризмдідамытуға арналған қосымша перспективалыучаскелер, қажетті жол және инженерлікинфрақұрылым, сондай-ақ «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күтілетінинвестициялық әлеуеті туралы баяндады.
Инвестициялар тарту, туристік қызметтердіңсапасын арттыру, инфрақұрылымды дамытужәне Батыс Тянь-Шаньның бірегей табиғикешендерін сақтау мәселелеріне ерекше назараударылды. Жобаларды іске асыру табиғатқорғау заңнамасының талаптарын, ерекшеқорғалатын табиғи аумақтарға қойылатынталаптарды және тұрақты туризм қағидаттарынсақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс екеніатап өтілді.
Сапар қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мемлекеттікоргандардың, әкімдіктің, ұлттық парк әкімшілігінің және инвесторлардың жүйелі әріүйлестірілген жұмысының маңыздылығын атапөтті. Инфрақұрылымдық қамтамасыз етумәселелерін пысықтауды, инвестициялықжобаларды сүйемелдеуді және экологиялықталаптардың сақталуын қоса алғанда, жоспарланған іс-шаралардың сапалы әріуақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөніндетапсырмалар берілді.
Экология және табиғи ресурстар министрлігімүдделі мемлекеттік органдармен, Түркістаноблысының және Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп ұлттық парктердеэкологиялық туризмді дамыту, келушілер үшінзаманауи жағдайлар жасау және Қазақстанныңбірегей табиғи мұрасын сақтау бағытындағыжұмысты жалғастырады.