ЭКОФАКТ | Смог неліктен пайда болады?

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1249640?lang=kk

Смог – бұл атмосфералық ауаның қауіпті ластану түрі. Ол ауада түтіннің, шаңның, зиянды газдардың және ұсақ қатты бөлшектердің жиналуы нәтижесінде пайда болады.

Смогтың негізгі себептері:
– автокөлік құралдарының шығарындылары;
– өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жылу көздерінің шығарындылары;
– қоқыс пен өсімдік қалдықтарын жағу;
– желсіз ауа райы, температуралық инверсия және тұман.

Смогтың салдары:
• атмосфералық ауаның сапасын төмендетеді;
• тыныс алу жүйесіне кері әсер етеді;
• көріну қашықтығын азайтады;
• қоршаған орта мен экожүйелерге зиян келтіреді.

Таза ауа – әрқайсымыздың ортақ байлығымыз. Ауаның ластануын азайту үшін экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау маңызды.