Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1253379?lang=kk
Экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сын-қатерлердің артуы жағдайында қалдықтарды қауіпсіз басқаруды қамтамасыз ететін және оларды екінші рет шаруашылық айналымына тартуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды енгізудің маңызы артып келеді.
Осы бағыттағы жарқын мысалдардың бірі – «Kazecotech» ЖШС (Астана қаласы). Бұл – 15 жылдан астам уақыт бойы ғылыми әзірлемелерді, инновациялық технологияларды және өнеркәсіптік өндірісті тиімді ұштастырып келе жатқан ғылыми-техникалық кәсіпорын.
2011 жылдан бері компания қалдықтарды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз басқару жүйесін дамытуға және айналым экономикасы қағидаттарын енгізуге бағытталған жобаларды іске асырып келеді.
Бүгінде кәсіпорын:
құрамында сынабы бар қалдықтарды қоса алғанда, қауіпті қалдықтарды қайта өңдейді;
2 миллионнан астам пайдаланылған энергия үнемдейтін шамдар мен сынапты термометрлерді қайта өңдеді;
4 000-нан астам қалдық түрін экологиялық талаптарға сәйкес термиялық залалсыздандырады;
қалдықтарды басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын әзірлеуге қатысады.
Кәсіпорында қолданылатын жабдық «Жасыл» технологиялардың ұлттық тізіліміне енгізілген және халықаралық сапа, экологиялық әрі өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.
«Kazecotech» ЖШС-нің тәжірибесі заманауи экологиялық технологиялардың қауіпті қалдықтарды қауіпсіз залалсыздандырып қана қоймай, олардың қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін едәуір азайтуға, айналым экономикасын дамытуға және еліміздің экологиялық қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретінін айқын көрсетеді.
Осындай жобаларды іске асыру өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері тетігі шеңберінде жинақталған қаражат есебінен «Жасыл даму» АҚ-ның қолдауының арқасында жүзеге асуда. Мұндай бастамалар қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға, экологиялық инновацияларды енгізуге және тұрақты даму саласындағы ұлттық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді.