Заңды білейік: Азаматтардың экологиялық құқықтары

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1256474?lang=kk

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қолайлы қоршаған ортада өмір сүруге, қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат алуға, экологиялық мәселелерді талқылауға қатысуға және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға құқылы.

Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ міндеті. Қоршаған ортаны аялау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық заңнаманы сақтау – еліміздің тұрақты дамуының негізі.