Маралдар күзде неге дауыс шығарады?

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1291665?lang=kk

Күз мезгілінде маралдардың күйек кезеңі басталады. Осы уақытта аталықтардың мінез-құлқы өзгеріп, олар өзіне тән ерекше дауыс шығарады.

Бұл дауыс арқылы аталық маралдар аналықтарды шақырып, басқа аталықтарға өзінің бар екенін білдіреді. Күйек кезеңінде аталықтар арасындағы бәсекелестік күшейіп, олардың белсенділігі артады.

Маралдардың күйек кезіндегі дауысы — күзгі табиғатқа тән ерекше табиғи құбылыстардың бірі.

Комитеттің «Табиғатты таны» танымдық айдары аясында еліміздің жануарлар дүниесінің ерекшеліктері туралы қызықты деректермен таныстыруды жалғастырамыз.