ЭКОФАКТ | Қаптамадағы қайта өңдеу белгісі нені білдіреді?

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292160?lang=kk

Қаптамада жиі кездесетін ♻️ белгісі өнім жасалған материалдың қайта өңдеуге жарамды екенін көрсетеді. Бұл белгі қалдықтарды дұрыс сұрыптауға және оларды әрі қарай қайта өңдеу мүмкіндігін анықтауға көмектеседі.

Қайта өңдеу белгісінің ішіндегі 1-ден 7-ге дейінгі сандар пластиктің түрін білдіреді. Мысалы, 1 (PET) көбіне су мен сусын бөтелкелерінде, 2 (HDPE) тұрмыстық химия мен сүт өнімдерінің қаптамаларында, 4 (LDPE) пакеттер мен үлдірлерде, ал 5 (PP) тағам контейнерлері мен қақпақтарда кездеседі.

Белгінің болуы қаптаманың міндетті түрде қайта өңделетінін білдірмейді. Қайта өңдеу мүмкіндігі өңірдегі инфрақұрылымға және тиісті қалдықтарды қабылдау орындарының болуына байланысты.

Қалдықтарды дұрыс сұрыптау табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, полигондарға түсетін қалдықтар көлемін азайтуға және қоршаған ортаны сақтауға ықпал етеді.

Кішкентай қадам — үлкен өзгеріс!

#ЭКОФАКТ #ТазаҚазақстан