Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1292360?lang=kk
Бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінде экология және табиғи ресурстар министрлігі басшылығының бастамасымен комитет мүшелерімен танысу кездесуі өтті.
Министр, кездесу барысында министрлік тарапынан сапалы жаңа, ашық диалог құру үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын атап өтіп, депутаттық корпуспен жүйелі өзара іс-қимыл жасауға үміт білдірді.
Ә. Қуантыров қатысушыларды Министрліктің заң шығару қызметімен таныстырды, Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындауға, атап айтқанда «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын іске асыруға, цифрландыру және автоматтандыру, Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайту, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, шығарындылар саудасының ұлттық жүйесін дамыту, қалдықтарды басқару, орман алқаптарын қалпына келтіру, орман көміртегі жобаларын іске асыру, ұлттық парктердің, орман тұқымбақтарын, экологиялық туризмі мен инфрақұрылымын дамыту, ормандарды өрттен және заңсыз кесуден қорғау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау жөніндегі жұмыс, сондай-ақ бірегей табиғи кешендерді сақтау, сирек кездесетін жануарлар түрлерінің санын қалпына келтіру, биологиялық ресурстарды ұтымды пайдалану және т. б.мәселелерге тоқталды.
Кездесу барысында Комитет мүшелері мен министрлік өкілдері арасында қызу диалог өтті. Депутаттар кездесуде ақбөкендердің санын реттеуге, оның дериваттарын іске асыруға, ауыл шаруашылығы қалдықтарын жоюға, ірі мегаполистердегі атмосфералық ауаның ластануына, Қазгидрометін жаңғырту арқылы қоршаған орта мониторингінің тиімділігін арттыруға, Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтының рөлін арттыруға, табиғат пайдаланушылардың қызметіне мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
Министр, вице-министрлер және салалық департаменттердің директорлары қабылдаушы тараптың барлық сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында Комитет мүшелерін саланың жұмысымен, оның ішінде «Жасыл даму» АҚ кәдеге жарату төлемі есебінен қалдықтарды қайта өңдеуді қолдау тетіктерімен тікелей танысу мақсатында Қарағанды облысының бейінді кәсіпорындарына шақырылды. Бұл іс-шара бірлескен заң шығару жұмысы мен қалдықтарды басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау үшін практикалық негіз болады.