Астанада «Қазақы тазы» моно тұқымдық көрмесі өтеді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1293996?lang=kk

19 қыркүйекте Астанада ұлттық мұрамыз — қазақы тазыға арналған моно тұқымдық көрме және тұқымдық байқау өтеді.

Көрме халықаралық ит көрмесі аясында ұйымдастырылып, қазақы тазыларды шетелдік сарапшыларға, кинологтарға, селекционерлерге және кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қазақы тазылар арнайы сараптамалық бағалаудан өтіп, тұқым стандартына сәйкестігі мен тұқымдық сапалары бағаланады. Үздік өкілдер анықталып, тұқымды сақтау мен жауапты асылдандыру жұмысына ерекше назар аударылады.

📅 19 қыркүйек 2026 жыл
⏰ Қатысушыларды тіркеу — 09:00
⏰ Басталуы — 10:00
📍 Prestige Horse Club, Астана – Қарағанды трассасы, 82/1

Ұйымдастырушы — Қазақстан кинологтары одағы.

📞 БАҚ аккредитациясы және қатысу мәселелері бойынша:
Болысбай Іңкәр Мақсатқызы
+7 775 284 91 71