Кіріспе

Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) Қазақстан Республикасы аумағындағы нақты экологиялық жағдай туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру және оны жақсарту бойынша қолданылған шаралар мақсатында құрылады. Ұлттық баяндама Энергетика министрлігімен дайындалды.

Ұлттық баяндама да келесі деректер көрініс табады: 1) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы; 2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы; 3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы; 4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.

Ұлттық баяндамада қоршаған орта жағдайы мен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері арасындағы өзара байланысты сипаттайтын көрсеткіштер маңызы ұсынылды. Көрсеткіштерді таңдау әлемдік үздік тәжірибемен және БҰҰ ЕЭК және ЭЫДҰ беделді халықаралық ұйымдардың ұсыныстарымен белгіленген.

Көрсеткіштер топтар бойынша ұсынылды:

1) атмосфералық ауа;
2) климаттың өзгеруі;
3) су ресурстары;
4) биоәртүрлілік;
5) жер ресурстары;
6) ауыл шаруашылығы;
7) энергетика;
8) көлік;
9) қалдықтар.

Ұлттық баяндаманы құру үшін деректерді келесідей орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы ұйымдар ұсынды:

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР Білім және ғылым министрлігі
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті
ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті
ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті
ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
ҚР АШМ Су ресурстары комитеті
ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті
ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті
ҚР ЭМ Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті
ҚР ЭМ Жаңартылатын энергия көздері департаменті
Ақмола облысының әкімдігі
Ақтөбе облысының әкімдігі
Алматы облысының әкімдігі
Атырау облысының әкімдігі
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі
Жамбыл облысының әкімдігі
Қарағанды облысының әкімдігі
Қостанай облысының әкімдігі
Қызылорда облысының әкімдігі
Маңғыстау облысының әкімдігі
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Павлодар облысының әкімдігі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі
Астана  қаласының әкімдігі
Алматы қаласының әкімдігі

Ұлттық баяндама үшін деректерді жүйелеу және жалпылау бойынша жұмыстар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жүргізіледі.

Ұлттық баяндаманың интерактивті нұсқасы www.ecodoklad.kz интернет ресурсында мемлекеттік және орыс тілінде ұсынылды.