Қазақстан Республикасының Орхус орталығы  2009 жылдың 20 наурызында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК базасында Орхус конвенциясының ережелерін жүзеге асыру мақсатында құрылған (ҚР Қоршағанортаминінің №35-ө бұйрығы).

Орхус орталығының мақсаты:

  • қоршаған орта мәселелері бойынша сот әділдігіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге көмек көрсету;
  • мемлекеттік органдардың өкімдерінде бар экологиялық ақпаратқа ашықтық деңгейі мен үкімет есептілігін арттыра отырып, сол арқылы жұртшылық өкілдерін біршама ашық қол жетімділік деңгейімен қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешімдерді қабылдау үдерісіне жұртшылықтың қатысуына қамтамасыз етуге көмек көрсету;
  • Ластағыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімдерін құру;
  • ГМО (генетикалық модификацияланған организмдер)

Қызмет бағыттары:

  • ақпараттық-кеңес беру қызметі;
  • Аймақтық Орхус орталықтарына қолдау көрсету;
  • білім беру іс-шараларын өткізу (тренингтер,  семинарлар, дәрістер);
  • ҮЕҰ,БАҚ, ЖОО үшін біліктілікті арттыру курстары;
  • баспасөз қызметі;
  • экологиялық ағарту және насихат;
  • «Қазақстан экологиясы» газеті;
  • www.ecogosfond.kz  интернет ресурсы

Орхус орталығының негізгі қызметтері:

  • жеке және заңды тұлғалардың сұранымдары бойынша қол жетімді экологиялық ақпарат беру;
  • экология мәселелер (проблемалар) бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізу және шешімдерді қабылдау қатысуы, экологиялық ақпаратқа қол жеткізуде олардың құқықтарын қолдану бойынша жеке және заңды тұлғаларға кеңес беру
  • қызметкерлерідің біліктілік деңгейлерін арттырумен қоса, білім беру іс-шараларын (семинарлар, қоғамдық дәрістер) жүргізу;
  • БАҚ жариялымдар, радио мен телевизияда сөз сөйлеу, жарнама компанияларын өткізу;
  • Интернетте экологиялық ақпаратты орналастыру;
  • Орхус конвенциясын және оның хаттамаларын жүзеге асыру бойынша іс-шара жоспарлары жобасын әзірлеуде үкіметтік органдарға көмек көрсету;
  • Заңды және жеке тұлғаларға қоршаған орта стратегиясы саласында  нормативті-құқықтық актілерге, бағдарламаларға, жоспарларға қол жеткізуге және оларды қоғамдық  талқылауды ұйымдастыруға көмек көрсету