Орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау саласында Орталық Азиядағы ынтымақтастық үшін Қазақстанның басымдылықтары
2018 жылдың 15 мамырында Астана қаласының Radisson мейманханасында «Орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау саласында Орталық Азиядағы ынтымақтастық үшін Қазақстанның басымдылықтары» тақырыбында Ұлттық дөңгелек үстел болып өтті. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігімен ұйымдастырылған дөңгелек үстел Қазақстандағы Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) қолдауымен өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қоршаған ортаны қорғау бойынша жаңартылған аймақтық әрекет жоспарын дайындау және орнықты дамыту мақсаттары үшін Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық бойынша Қазақстан Республикасының стратегиялық басымдылықтарын және мүдделерін анықтау.
Ашхабад қаласында өткен ОДМК отырысында Орталық Азияның бес мемлекеті үшін Қоршаған ортаны қорғау бойынша Жаңартылған аймақтық әрекет жоспарын әзірлеу (бұдан әрі – ҚОҚЖАӘЖ-2) туралы шешім қабылданғанын атап өту қажет. ОДМК шешімдерін орындау шеңберінде 2030 жылға дейінгі уақытты қамтитын ҚОҚЖАӘЖ-2 әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Дөңгелек үстелде ҚОҚЖАӘЖ-2 дайындау, Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастықтың негізгі сабақтары және орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелері; аймақтық бағдарламалардың іске асырылу тәжірибесі (АҚХҚ, ОДМК); орнықты даму саласындағы ұлттық, халықаралық және аймақтық бағдарламалар үшін басымдылықтар; ынтымақтастық тетіктері және басымдықтарға қол жеткізу және олардың ұлттық үдерістерге ықпалдасуы, болашақ қадамдар және ұсыныстар мәселелері қарастырылды.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, Азия даму банкісінің, халықаралық және үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың өкілдері қатысты.