2016 жылдың 14-15 шілдесінде «Гранд Парк Есіл» мейманханасында (Астана қаласы) Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламасы кеңсесі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, заңды тұлғалар ассоциациясы, халықаралық ұйымдар, Орхус орталықтары, 1-ші санаттағы табиғат пайдаланушылар өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімдерін (ЛШТТ) құру» және «Қазақстанда Орхус конвенциясын жүзеге асыру» тақырыптары бойынша Ұлттық дөңгелек үстел болып өтті.Қатысушылар саны 80 адамды құрайды.

Дөңгелек үстелдің бірінші күні Қазақстан Республикасында ЛШТТ жүзеге асыру бойынша қабылданған шаралар мәселелеріне арналды, онда мемлекеттік органдар өкілдері баяндамаларымен сөз сөйлеуге шықты, ЛШТТ бойынша хаттаманы Қазақстанмен ратификациялаудың қажеттілігі, ЛШТТ бойынша хаттаманы ратификациялауға байланысты алдағы уақытта заңнамада болатын өзгерістер түсіндірілді. Сонымен қатар, «Арника» ҮЕҰ (Чехия) халықаралық сарапшысы Қазақстан Республикасында ЛШТТ бойынша хаттаманы табысты енгізу үшін ұсыныстар ұсынды және ЛШТТ бойынша хаттамасын табысты ратификацияланған Чехия Республикасының тәжірибесімен бөлісті.

Дөңгелек үстелдің екінші күні Қазақстанда Орхус конвенциясы ережелерін жүзеге асыру мәселелеріне арналды. Орхус конвенциясы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер мәселесі қарастырылды, мемлекеттік органдар өкілдері тарапынан оларды тәжірибелік қолдануға түсініктемелер берілді. Халықаралық ұйымдар өкілдері Еуропа елдерінің ұсыныстары мен нақты мысалдарын келтіре отырып Қазақстанда Орхус конвенциясын жүзеге асыруға түсініктемелер берді. Дөңгелек үстелде сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулар өткізу, қоғамдық экологиялық сараптама, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу сияқты Орхус конвенциясы ережесін жүзеге асырудың нақты құралдары бойынша Орхус орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сөз сөйледі. Орхус орталықтары өкілдері қызмет туралы есепті және Бағдарламаның әрі қарай жұмысы ұсынылды.

Дөңгелек үстелдің әрбір күні соңында қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстары ескеріліп, қорытынды резолюция талқылады және қорытындылар жасалды сондай ақ, қатысушылардың қызықтырған  сұрақтарға жауаптар берілді. Орхус конвенциясын жүзеге асыру бөлігі ретінде ЛШТТ бойынша хаттаманы шұғыл ратификациялау туралы Энергетика министрлігінің пікірлерін қолдауда ҮЕҰ, Орхус орталықтар тараптарынан белсенді қатысушылар байқалды.

Дөңгелек үстел мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ, Орхус орталықтары, табиғат пайдаланушылар арасындағы сұхбат үшін ашық алаң болды. Қатысушылар Орхус конвенциясы мен Орхус орталықтарының жұмыс органы арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін осындай іс-шараларды өткізу қажет екендігін атап өт ті.

«2016 жылдың 14 шілдесіндегі «Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімдерін (ЛШТТ) құру» Дөңгелек үстел қатысушыларының баяндамаларын жүктеу

«2016 жылдың 15 шілдесіндегі «Қазақстанда Орхус конвенциясын жүзеге асыру» Дөңгелек үстел қатысушыларының баяндамаларын жүктеу