Қазақстан делегациясының құрамында Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бас сарапшысы Амангелді Жәкенов, «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК департаментінің директоры Алтынкүл Балабаева және Статистика комитеті басқармасының басшысы Әсел Шауенова Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық Комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) Экологиялық мониторинг және қоршаған ортаны бағалау бойынша жұмыс тобының ХХІ сессиясына қатысты.

Сессияда экологиялық ақпараттың ортақ жүйесінің қолдауымен жүйелі экологиялық бағалау және қоршаған орта жағдайы туралы жүйелі есептілікті рационализациялау, сонымен қатар 2030 жылға дейін Тұрақты даму  саласындағы күн тәртібін жүзеге асыруға байланысты экономикалық, әлеуметтік және экологиялық деректерді бірлесіп пайдалану және интеграциялау сұрақтары тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Әртүрлі еуропалық елдердің сарапшылары қоршаған ортаға мониторинг пен бағалауда пікірлер мен тәжірибе алмасты.  Қоршаған орта бойынша (ЮНЕП)  БҰҰ бағдарламасымен есептіліктің онлайндық құралы ұсынылды.

Қазақстан сессияда республикадағы қоршаған орта жағдайы туралы интерактивті баяндаманы ұсынды және 2017 жылға арналған Табиғи ресурстарын пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндамасын әзірлеу туралы ақпараттандырды. Жұмыс тобымен және БҰҰ ЕЭК Экологиялық саясат бойынша комитетімен Ұлттық баяндаманы әзірлеуде СЕЙС қолдану мәселелеріндегі елеулі прогреске қол жеткізілгендігі атап өтілді.

2019 жылы Қазақстан БҰҰ қоршаған орта бойынша бағдарламасының (ЮНЕП), «Зой» экологиялық желісінің және Еуропалық Комиссияның қаржылай қолдауымен осы бағытта жұмыс істеуді жалғастыруда.

Сессия жұмысына Әзірбайжанның, Албанияның, Арменияның, Беларустың, Босния және Герцеговинияның, Македония Республикасының, Грузияның, Италияның, Қырғызстанның, Молдова Республикасының, Ресей Федерациясының, Сербияның, Тәжікстанның, Украинаның, Финляндияның, Черногория мен Швейцарияның қоршаған орта және статистика саласындағы сарапшылары, сонымен қатар  Халықаралық экологиялық зерттеу орталықтарының  және Қоршаған ортаның халықаралық одағы мен «Зой» экологиялық желісінің өкілдері қатысты.

Жаңа мандатқа сәйкес, Жұмыс тобы 2021 жылға қарай Экологиялық ақпараттың ортақ жүйесін құру ісінде Еуропа мен Орталық Азия елдерімен қол жеткізілген жетістіктерге шолу жасайды.

Қазақстан экологиялық индикаторлар негізінде (СЕЙС) экологиялық ақпараттың біріккен жүйесін құру бойынша БҰҰ ЕЭК жобасының қатысушысы болып табылатындығын еске саламыз.  

Департамент директоры Алтынкүл Балабаева