Бурабай Орхус орталығы
«Бурабай орхус орталығы» қоғамдық қоры Ақмола облысының Бурабай ауданында 2013 жылдың 13 наурызында тіркелген болатын. Бурабай Орхус орталығы қызметінің басты мақсаты жұртшылықтың ақпаратқа қол жетімділігі, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелерге әділеттіліктің қол жетімдігі; жұртшылықтың қоршаған ортаны және энергиялық тиімділікті басқару бойынша жоспарларды, бағдарламаларды және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты мәселелерді шешуге қатысуы; экология саласындағы ағарту қызметтері; ақпараттық-талдау және зерттеу қызметі; заңнаманы үлестіруге қатысу, орнықты дамуды сүйемелдеу және мемлекет дамуының стратегиялық жоспарларын іске асыру; озық халықаралық тәжірибені, инновацияларды, технологияларды және стандарттарды ендіру, Курорт-Бурабай курорттық аймағын жақсарту және оны ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындау бойынша жұмыстар жүргізу үшін жағдай жасау болып табылады.
Бурабай Орхус орталығы қоршаған ортаны қорғау, жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жетімділігі және туристтік Курорт-Бурабай аймағын дамыту мәселелері бойынша Бурабай ауданының әкімдігімен, Ұлттық Орхус орталығымен, қоғамдық ұйымдармен, Бурабай ауданының заңды және жеке тұлғаларымен серіктеседі.
Қазіргі таңда Бурабай Орхус орталығы жылқы туризмі, экологиялық ауылды ұйымдастыру, Ақмола облысында жаңартылған энергия көздерімен технологияларды ендіру идеясын тарату.
Біздің қызметіміздің негізгі бағыттары:
– қоршаған ортаны қорғаумен байланысты ағарту қызметін ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау, менеджмент және энергиялық тиімділік мәселелері бойынша оқытуды жүзеге асыру;
– Щучье-Бурабай курорттық аймағын ЭКСПО-2017 көрмесінің объектісі ретінде дайындау, жарнамалау және насихаттау бойынша қоғамдық ақпараттық орталықты ұйымдастыру;
– қайырымдылық қызмет;
– жұртшылықты қоршаған ортаны қозғайтын стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде қатысуға тарту;
– Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы экологиялық жағдайлар бойынша материалдарды БАҚ-та жариялау;
– қоршаған ортаны қорғау бойынша мәселелерді талқылау үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;
– Орхус конвенциясының және Орхус орталығының құжаттарын мүдделі тұлғаларға тарату;
– Орхус конвенциясында белгіленген құқықтарды жүзеге асыруда кез келген мүдделі тұлғаға қолдау көрсету, соның ішінде заңды көмек;
– қоршаған ортаны қорғау саласындағы азаматтық белсенділікті кеңейту;
– қоғамдық экологиялық сараптаманы ұйымдастыруға жәрдемдесу;
– азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түскен ақпаратты Ұлттық Орхус орталығына жеткізу.
Біздің орталықтың мамандары Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін үйрену бойынша, интернетте коммуникацияның өзекті құралдарын үйрену бойынша, Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық нормалау және жобалау бойынша, экологиялық туризм және басқа да мәселелер бойынша оқытуда өтті.
Біздің орталық Қазақстандағы ОБСЕ өкілдерінің қатысуымен өткен ҚР Орхус орталықтарының директорлары және экологиялық ҮЕҰ белсенділері үшін арнайы тренингке қатысты.
Бурабай Орхус орталығы кәсіпкерлерге туризмді дамыту бойынша бизнес-жоспарларды құру, экологиялық таза жаңартылған энергия көздерін ендіру, Щучье-Бурабай курорттық аймағының және барлық Ақмола облысының биобалансын қалпына келтіруге бағытталған жобаларды дамыту кезінде қолдау көрсетеді.
Бурабай Орхус орталығы ұйымдардың менеджмент жүйелерін сертификациялауды ISO 9001, ISO 14001, ISO 18001, ISO 50001 стандарттарына сәйкестігіне дайындау бойынша қызметтерді көрсетеді.
Біздің қорда сіз Орхус конвенциясының құжаттары бойынша тегін кеңес және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтыққұжаттарға қол жетімділік ала аласыздар.
Біздің байланыс-телефондары:
Қор президенті: Львова Людмила Николаевна тел.+7 701 518 4769
Қордың қаржы директоры: Никифорова Екатерина Сергеевна тел. +7 701 234 7937
e-mail: ofboc@mail.ru
Skype: lyudakz