ҚР Парламентінің Мәжілісі жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын жұмыс тобында қарауға алды

Заң жобасы жануарларға қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікті күшейтуді қарастырады.

Соңғы уақытта жанураларға қатысты қатыгез қарым-қатынас таныту жағдайлары жиілеп кетті.

Осыған байланысты Экология министрлігі азаматтық сектормен бірлесіп жануарларға жаупкершілікпен қарау туралы тиісті заң жобасын әзірледі.

Жануарларды қорғау туралы жеке заң қатыгездік, иттер төбелесі, жануарларға анестиясыз операция жасау, сабау, оларды заңсыз аулау сияқты адамгершілікке жатпайтын әрекеттерге тосқауыл қояды деп күтілуде.

Жануарлар қорлаудан нашар қорғалған. Сондықтан қолданыстағы Әкімшілік кодекске және Қылмыстық кодекске бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. Сол өзгерістерге сәйкес жануарларға жауапкершіліксіз қарағандарға тағайындалатын жаза түрлері қатаңдатылады.

“Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” Заң жобасын қабылдау Қазақстанды заманға сай өркендеген ел ретінде паш етіп, айналадағы тіршілік иелеріне мейірімділікпен қарауға тәрбиелеп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қоғамдағы агрессияны азайтуға мүмкіндік береді.

Заң жобасын талқылаған депутаттар заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша тиісті қорытынды дайындайтындарын жеткізді.

Источник – gov.kz