Экология министрлігінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтті

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/documents/details/243132?directionId=14790&lang=kk 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Экология министрі Серікқали Брекешев өзінің құттықтау сөзінде Министрліктің Тәуелсіздік жылдарындағы қызметін қысқаша қорытындылап, ардагерлер мен сала мамандарына зор алғысын білдіріп, жүрек жарды тілегін жеткізді.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің экологиясы мен табиғи ортасын жақсарту үшін қыруар жұмыс жасалды. Министрлік қызметінің барлық табысты жетістіктеріне сіздердің әрқайсыңыздың тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында қол жеткізілді. Сіздердің салаға деген жауапты қатынастарыңыз бен кәсіби іскерліктеріңіз біздің жобалар мен бағдарламаларды шынайы іске асыруға септігін тигізді. Бұл сіздердің ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан дара үлестеріңіз болып саналады», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Іс-шара барысында С.Брекешев сала ардагерлеріне, Министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне «Парасат», «Құрмет» ордендерін, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30-жыл» медальдарын, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.