Ұлттық парктерде қалдықтарды сұрыптап жинауға жағдайлар жасалған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгінгі күні ұлттық парктерде қатты-тұрмыстық қалдықтарын (ҚТҚ) жинау және шығару олардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Адам көп жиналатын демалыс орындарда ҚТҚ уақытша сақтауға арналған алаңдар, әрбір алаңда келушілерге арналған көрсеткіштері бар ақпараттық қалқандар орнатылған.

Ұлттық парктердің экологиялық бекеттерінде мүдделі компаниялар бірлесіп, келушілерге «өзіңмен бірге қоқсысты алып, тауды таза қалдыр» қағидаты бойынша қоқыс пакеттерін бере отырып, мотивациялық экологиялық акциялар өткізетінін атап өткен жөн.  

Іле Алатауы ұлттық паркінде ҚТҚ-ны бөлек жинау енгізілді. Аумақта 225 контейнерлер орнатылған (135 контейнер құрғақ фракция үшін және 90 контейнер ылғалды фракция үшін), контейнерлерді орнату үшін 32 алаң жабдықталған және ҚТҚ шығару үшін қазіргі заманға сай 2 бірлік автокөліктер алынды.

Халық пен өскелең ұрпақты экологиялық ағарту мақсатында жыл сайын 23 наурыз бен 5 маусым аралығында табиғат қорғау мекемелері Парктер шеруі табиғат қорғау акциясын өткізеді. Акцияның қатысушылары мектеп оқушылары, студент жастар, жергілікті тұрғындар, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер, халықаралық ұйымдардың және т.б. өкілдері болып табылады.

Ұлттық парктер аумағында санитарлық ұстау, тазалықты сақтау және жинауды ұйымдастыру мәселелерін бақылау мақсатында ІІМ Полиция департаментімен бірлесіп ҚТҚ шығару және шығару бөлігінде әкімшілік бұзушылықтарға жол бермеу бойынша жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.  

2021 жылы ұлттық парктерде санитарлық нормаларды сақтау бойынша 1863 рейдтік іс-шара өткізілді. Орманды қалдықтармен ластау фактісі бойынша 119 бұзушылық анықталды, кінәлі тұлғалар «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 372-бабы 4 б. бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл соммасы 1 696469,0 теңгені, залал соммасы 27 578,0 теңгені құрады. Осы кезеңде ұлттық парктер аумағынан 1,5 млн. адам қатысқан кезде 830,02 тонна қоқыс шығарылды. 2022 жылғы 1 жарты жылдықта 2970 рейдтік іс-шара өткізілді.

Жалпы, бұл бағытта жұмыстар жалғастырылып, Экология министрлігінің тұрақты бақылауында болады.