Биоәртүрлілікті сақтауды стратегиялық жоспарлау бойынша сараптамалық кеңес

На официальном Интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов РК https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=ru

2023 жылғы 2 қарашада орталық мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми ұйымдар, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен Қазақстандағы биоәртүрлілікті сақтаудың ұлттық міндеттерін әзірлеуге арналған семинар өтті.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен (БҰҰДБ) бірлесіп «Биологиялық әртүрліліктің жаһандық шеңбері: алғашқы әрекеттерді қолдау» жобасын жүзеге асыруда.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев өзінің құттықтау сөзінде жобаның мақсаты – 2022 жылы биоәртүрлілік туралы конвенция тараптарының 15-ші конференциясында қабылданған Куньмин-Монреаль биоәртүрлілік жөніндегі жаһандық негіздемелік бағдарламаны Қазақстанда іске асыру бойынша дайындық пен ерте іс-қимылдарды жеделдету екенін айтты.

Бүгінгі негізгі проблемалық мәселе – ұзақ мерзімді перспективада биоалуантүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі стратегиялық бағдарламалық құжаттың және ЕҚТА желісін дамыту, жануарлар мен өсімдіктер әлемін басқару, сондай-ақ орман шаруашылығын дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарламаның болмауы.

«Жоба негіздемелік бағдарламаның 23 жаһандық міндетіне сәйкес биоәртүрлілік саласындағы ұлттық стратегиялық міндеттерді әзірлеу, жаңарту және елдік міндеттемелерді іске асыруда биоәртүрлілік туралы конвенцияға қатысушы елдерді қолдауды көздейді», – деді министр Е.Нысанбаев.

Шара биоәртүрлілікті сақтау саласындағы тәжірибе мен сараптамалық пікір алмасу үшін, бірінші кезектегі міндеттерді белгілеу үшін ұйымдастырылып отыр.