Көгалдандыру жұмыстарына арналған жаңа технология

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

2023 жылдың 15 қарашасында Министр Е.Н. Нысанбаев «INNARI Innovation Nature Irrigation» неміс компаниясының жер асты суару құбырларын өндіру жөніндегі өкілдерімен кездесті. Mipotube жер асты суару құбыры өсімдіктерді суару және су үнемдеудің перспективті және тиімді шешімдерінің бірі. Құбырлар 70% қалдықтардан – табиғи полигондарды құрайтын, қоршаған ортада ұзақ уақыт ыдырамайтын тозған көлік дөңгелектерінің резеңке үгінділерінен жасалған.

Кездесу аясында «Жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес келетін осы технологияны елімізді көгалдандыру жұмыстарында қолдану қарастырылды.

Өздеріңіз білетіндей, бұл бағытта Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2021 жылдан бастап орман қоры аумағында 2 млрд дана көшет және 2025 жылға дейін еліміздің қалалары мен елді мекендерінде 15 миллион көшет отырғызу жұмыстары басталған.