Ерлан Нысанбаев ҚР Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке қабылдады

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында Экология және табиғи ресурстар министрі халықпен кезекті кездесу өткізді.

Келушілерге ыңғайлы болу үшін азаматтарды қабылдау аралас форматта өтті, қабылдауға жазылған азаматтар жеке тыңдалды, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берушілер қатыса алды.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысымен кездесуге 21 мәселе бойынша Астана, Алматы, Қарағанды, сондай-ақ Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының 13 тұрғыны жазылды.

Азаматтар Т. Исин, Н.Уәлиев, Қ. Бабақов және М. Смағұлов Маралды ауылының алтын қазу фабрикасының құрылысына қатысты мәселелерді талқылауға келді.

Ақмола облысы бойынша белсенділердің атынан Министрдің қабылдауына Д.Қасенбаев қатысып, Целиноград ауданы Қараөткел ауылының айналасындағы карьерлер, сондай-ақ елорда төңірегіндегі қатты пайдалы қазбалар мен жалпы пайдалы қазбалар барлау және өндіру мәселелері, қоршаған ортаның ластануы мәселелерін көтерді.

«Тәжірибеші экологтар қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйым» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Л.Маликова Министрге шағын Талдыкөлді, радарлар мен экологиялық сапа нормативтерін тексеруге қатысты сұрақтарымен жүгінді.

Сондай-ақ, жеке қабылдауға қатысушылар болжамдау және ерте хабарлау сапасын жақсарту, Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделу және экожүйелер үшін жаһандық жылыну салдарын жеңілдету, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін (ӨКМ) реттеу, жарамсыз автомашиналарды кәдеге жарату және т. б. бөлігінде Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу мәселелерін талқылады.

Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.