Министрліктің 2024 жылға арналған жоспарлары талқыланды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Министрліктің аппараттық кеңесі өтті, онда 2023 жылдың қорытындылары мен 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды.

Аппараттық кеңеске құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысты.

Бірқатар басшылар атап өткендей, 2023 жылы Министрлік жалпы басшылықты жүзеге асыратын орган ретінде қолданыстағы заңнамаға тұжырымдамалық өзгерістер қабылдады.

2023 жылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы бекітілді. Стратегия экономика мен өнеркәсіпте төмен көміртекті трансформациялаудың негізгі тәсілдерін қарастырады.

2023 жылдан бастап Қазақстан ЭЫДҰ көміртегі шығарындыларын жұмсарту бойынша Инклюзивті форумға кірді және оның отырыстарына белсенді қатысады.

2023 жылғы қарашада Қазақстан G7 Климаттық клубына қосылды, оның мақсаты Париж келісімін іске асыру жөніндегі күш-жігерді қолдау болып табылады.

2023 жылғы үлкен жетістіктердің бірі Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) ақбөкеннің (Saiga tatarica) «Жойылып кету қаупі төнген» санатынан Халықаралық Қызыл тізімдегі «Қауіп төнгенге жақын» санатына ауысуы туралы мойындауы болды. Ақбөкеннің «жойылу қаупі жоғары» санатынан «аз тәуекел» санатына ауысуы Қазақстанда түрлер санының едәуір өсуінің нәтижесі болды.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қазақстан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясы аясында метан бойынша Жаһандық міндеттемеге қосылды.

Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2 млрд. көшет отырғызу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

2024 жылдың жоспарында ККМ тетігі шеңберінде қалдықтарды басқару саласындағы арнайы кәсіпорындарды субсидиялау бойынша «Экоқолдау» бағдарламасын іске қосу жоспарланған.

Сондай-ақ, төмен көміртекті даму мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаға («Ерекше қорғалатын аумақтар туралы» ҚР Заңы, Экологиялық кодекс, Орман кодексі) 2-ші түзетулер пакетін қабылдау.

2024 жылдың басынан бастап Әзірбайжанда БҰҰ РКИК тараптарының 29-шы конференциясына дайындық белсенді басталды. Мемлекет басшысының бастамасын, БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясын орындау шеңберінде БҰҰ мен халықаралық ұйымдардың қолдауымен 2026 өңірлік Климаттық саммитке дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Кеңес соңында Министр әр құрылымдық бөлімшелерге өзіне алған міндеттемелерді сапалы орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берді.