Қоқыс шығаратын ұйымдарды (GPS) ақпараттық жүйеге қосуға қатысты

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгінгі таңда қалдықтарды басқару саласындағы өзекті мәселелердің бірі – рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуы. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуы мен экологияның жағдайын жақсарту   мәселелерін шешудің алдын алу шараларының бірі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын көлік қозғалысы қадағалау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 368-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көліктің қозғалысы туралы толық навигациялық ақпаратты Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ұйымдастырған «Қазақстан Республикасы қоршаған ортасының және табиғи ресурстарының жай-күйі туралы ұлттық дерекқор» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) беруге міндетті.

Министрлік «Қазақстан Гарыш Сапары» АҚ-мен бірлесіп, бұл жұмыс әзірленіп жатқан tabigat.gov.kz платформасында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Кодекстің 368-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері тиісті қызметтер көрсету кезінде жоғарыда көрсетілген көлік құралдарын ақпараттық жүйеге қосылған спутниктік навигациялық жүйелермен жабдықтауға және осы жүйелерді тұрақты жұмыс жағдайында ұстауға тиіс.

Осыған байланысты аталған кәсіпкерлік субъектілері ақпараттық жүйеге қосылуға және тиісті көліктің қозғалысы бойынша деректердің берілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Ақпараттық жүйенің қосылуы мен жұмыс істеуіне байланысты барлық техникалық мәселелер бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ кеңістіктік деректер Департаментінің – 8 (701) 700-03-89 нөмірі бойынша хабарласуға болады. Басқа мәселелер бойынша Министрліктің Цифрлық трансформация департаменті – 8 (7172) 74-14-10, Министрліктің Қалдықтарды басқару департаментіне хабарласуға болады – 8 (7172) 74-08-31.

Қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 344-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.