Отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің бағыттары жөніндегі Комиссияларының отырысына Пресс-релиз

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Ағымдағы жылдың 8 маусымында Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешен және экологиялық мәселелер бойынша Қоғамдық кеңестің Комиссияларының отырыстары өткізілді (Электр энергетика және көмір бойынша комиссия, Бюджет және стратегиялық, нормативтік-құқық бағыты бойынша комиссия).

Комиссиялар отырыстарында келесі мәселелер қарастырылды:

  1. Стратегиялық жоспардың және бюджеттік бағдарламалардың орындалуын талқылау (Бюджет және стратегиялық, нормативтік-құқық бағыты бойынша комиссия);
  2. Министрліктің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының жобасын және 2019-2021 жылдарға бюджеттік бағдарламаны талқылау (Бюджет және стратегиялық, нормативтік-құқық бағыты бойынша комиссия);
  3. «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ-тың еңбек ардагерлерінің жүгінулерінде көрсетілген сұрақтар және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды ұзарту туралы есепті тыңдау (Электр энергетика және көмір бойынша комиссия);
  4. «Арселор-Миттал Теміртау» АҚ-тың жобалық құжаттарына өзгерістер енгізу бойынша есепті тыңдау (Электр энергетика және көмір бойынша комиссия).

Талқылау қорытындылары бойынша Министрліктің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қарастырылған мәселелер бойынша ұсынымдар мен ұсынымдар берілді

img_0237 img_0222