Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры құрамына мыналар кіреді:

  • Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары (ТРМК). ТРМК-ның деректер базасы республикалық және аумақтық деңгейдегі басқарудың кәсіпорын деңгейіндегі әрбір кадастр шеңберінде пайдалану, өндіру, қорғау және сақтау саласын тиімді басқару мақсатында 3200 –ден астам кадастрлық объектінің жағдайы туралы ақпараттық жүйені жинаудың , жүйелеудің, сақтаудың, өңдеудің және бейнелеудің, кеңістікті-үйлестірілген деректерін көрсетеді.
  • Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі — ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүргізетін, ашық қолжетімді түрде орналастырылған эмиссияның жай-күйі және қоршаған ортаның ластануы туралы құрылымдалған дерекқор.

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімі ластауыш заттардың шекті жол берілетін шоғырлануы, олардың денсаулыққа және қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, сондай-ақ ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары бойынша басқа да ғылыми негізделген ақпаратты және табиғат пайдаланушылар туралы ақпаратты қамтиды.

  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау саласындағы ҚР “ЭкоинфоПраво” нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық құқықтық базасы

База құрамында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2000 астам құқықтық акті бар:

– кодекстер;

– заңдар;

– конвенциялар;

– ҚР қаулылары;

– бұйрықтар;

– республикалық нормативтік құжаттар;

– қоршаған ортаны қорғау саласындағы және т.б. әдістемелік әдебиет;

  • Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның жай-күйі туралы ұлттық баяндама;

Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндама (бұдан әрі – Ұлттық баяндама) Қазақстан Республикасы аумағындағы нақты экологиялық жағдай туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру және оны жақсарту бойынша қолданылған шаралар мақсатында құрылады.

Ұлттық баяндама да келесі деректер көрініс табады: 1) қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы; 2) негізгі қоғамдық маңызы бар экологиялық проблемаларды қоса алғанда, қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерлер туралы; 3) өңірлердегі экологиялық хал-ахуал туралы; 4) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша мәліметтер көрініс табады.

  • Қоршаған ортаға әсердi бағалау және  мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары (ҚОӘБ).

ҚОӘБ – шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескерiле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлiнуiн және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөнiндегi шаралар әзiрленетiн рәсiм.

ҚОӘБ материалдары мемлекеттік экологиялық сараптамаға келісуге ұсынылатын жобалық құжаттамаларын жиынтығында және нақты масштабты немесе экологиялық қауіпті объектілерді құру алдындағы (құрылыспен, қайта қалпына келтірумен, жоюмен) жобалық құжаттаны құрайды.

  • Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметінің нәтижелері бойынша есептер (БИҚҚ);

БИҚҚ есептері –құрамында  Мұнайгаз кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-талдауының мына есептерімен ұсынылады:

– бақыланатын аумақтар шамасында қоршаған ортаның ластануы туралы ақпарат;

– экологиялық инспекцияның негізгі қызметі туралы ақпарат;

– инспекциялық тексеру жоспары;

– мемлекеттік экологиялық инспекторлардың бақылау-инспекциялық қызметінің экологиялық нәтижелілігінің баға нәтижелелері;

– табиғатты қорғау іс-шаралардың орындалуы және оларды жүзеге асырудан және т.б. пайда болатын экологиялық тиімділік туралы деректер.

  • Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы және экологиялық мониторинг есептері (ӨЭБ).

ӨЭБ бағдарламасында өндірістік экологиялық бақылау үдерісін,  оның кезеңділігін, ұзақтығын және өлшем жиілігінқолданылатын құралдарды  анықтайтын немесе есептеу әдістерінің критерийлерін қадағалайтын міндетті параметрлер тізбесі белгіленеді.

ӨЭБ есептері атмосфералық ауаға, жер асты суларына, топырақ және өсімдік жамылғыларына жағымсыз әсерлерді анықтау мақсатымен қоршаған ортаға кәсіпорынның өндірістік объектілерінің әсері туралы ақпараттан құралады.

  • Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарды (ҒЗЖ) орындау туралы есептер.

ҒЗЖ есептері ғылыми-техникалық проблемаларды,үдерісін және/немесе ғылыми зерттеу нәтижелер  жағдайын сипаттайтын экология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы жүйеленген деректерден құралады.

ҒЗЖ есептері тізілімінде Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу шеңберінде бойынша іздеуге қолайлылық үшін тақырыптық бағыттар бойынша  2000 бірліктен аса сақтау жүйеленген.

  • Экология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет. МЭАҚ кітапханасының деректер базасы әртүрлі экологиялық әдебиеттің (кітаптар, журналдар, брошюралар) кең спектрінен тұрады және 4000 астам бірлік атауы есептелген;
  • Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ақпарат, қоршаған ортаға әсер факторлары және оны қорғау бойынша қабылданған шаралар «Қазгидромет» РМК баспаларында және Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының жай-күйі туралы ақпараттық  бюллетендерде қамтылған.

Жоғарыда баяндалғандардан басқа деректер МЭАҚ деректер базасының құрамына экологиялық ақпараты бар өзге де материалдар мен құжаттар кіреді. Оған экологиялық ақпараттың жалпы классификасынакірмейтін материалдар жатады:

– картографиялық басылымдар;

– халықаралық мемлекеттік конвенциялар бойынша ұлттық баяндамалар;

– мемлекеттіәк әлеуметтік тапсырыс бойынша есептер;

– қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық жобалар есептері;

– ілеспелі газды қайта өңдеу және кәдеге жарату және басқа даму бағдарламасының есептері.