2018 жылғы қыркүйектің 19-нан 21-не дейінгі мерзім аралығында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2018 жылғы қыркүйектің 19-нан 21-не дейінгі мерзім аралығында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мамандар үшін Астана қаласында «Экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу» тақырыбына оқыту семинарын өткізді.

 Семинарға қатысушылар келесі ұйымдар өкілдері: «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ,

«Каспий нефть» АҚ, «Экосфера» ҮЕҰ мекемесі, «Конгресс молодежи Казахстана Павлодарской области» ҚҚ, «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ.

Семинарда келесі сұрақтар қарастырылды:

  • Экологиялық ақпарат беру;
  • Қазақстандағы ластаушы заттардың шығарылуын және аудару тізілімін енгізу;
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу;
  • Автоматтандырылған мониторинг жүйесі. Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар;
  • ҚОӘБ жобаларын әзірлеу. Талаптар және бағалау критерийлері;
  • Экологиялық реттеу. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспары және т.б.
  • Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар;
  • Жобалардың экологиялық сараптамасын, соның ішінде ведомстводан тыс кешенді сараптама құрамында жүргізу;

Дәріс оқығандар:

Токтасынова Тоты Клышбековна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Букенова Саида Бекбулатовна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің Қалдықтар кадастры басқармасының басшысы;

Садвокасова Алия Малаевна – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚД басқарма басшысы;

Балабаева Алтын Ибрагимовна –  ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК МЭАҚ департаменті директоры;

Кондратенко Михаил Геннадьевич – ҚР ЭМ «ҚОҚ АТО» ШЖҚ РМК Ақпараттық технологиялар департаменті директоры.

Ингербаева Жанат Умбетовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Абдрахманова Жанара Беркутовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Каратаева Динара Ахметовна – ҚР ЭМ ЭРБК бас сарапшысы;

Семинар соңында тыңдаушыларға куәліктер табыс етілді.