Бірыңғай экологиялық интернет ресурс (Ecogosfond) сайты

Экологиялық интернет ресурс сайты – Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстары бойынша толық нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Аталған сайттың арқасында елдегі экологиялық жағдайға қатысты мәселелер бойынша ақпаратты табуға болады.

Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 161-бабы, 1-т. сәйкес сайт азаматтарды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі туралы нақты ақпарат беру мақсатында Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу туралы ақпараттандырады. Ecogosfond сайты халыққа ұсынылатын экологиялық ақпаратты ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Сайтта деректер базасы мен Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының тізілімі ұсынылған. Аталған ақпарат сайттың басты бетінде қол жетімді.

Басты бетте қоршаған орта жағдайы саласындағы соңғы жаңалықтарға қатысты көрнекі бейне шолулар орналастырылған.  Экологиялывқ ақпаратты алуға мүдделі тұлғалар үшін арнайы «сұрақ-жауап» қызметі бар.

Сонымен қатар пайдаланушылар Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы 1998 жылғы 25 маусымда қабылданған Орхус конвенциясымен таныса алады. Сайтқа кірушілер ұлттық баяндамаларға қол жеткізе алады. Ұлттық баяндама қоршаған ортаның, сонымен қатар табиғи ресурстарды әлеуетті пайдалану туралы ақпаратты қамтиды. ҚР аумақтары бойынша экологиялық жағдай туралы халықты жыл сайын ақпараттандыру үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен ұлттық баяндама әзірленеді.

Сайттың басты бетінде Энергетика министрлігі мен Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің ресми беттеріне тікелей ауысуға арналған сілтемелер бар. Аталған беттерде энергетика саласындағы қызықты жаңалықтар мен ақпаратпен, сонымен қатар экологиялық көздер туралы өзекті ақпаратпен танысуға болады.

Ecogosfond сайтында Қазақстанда Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін (ЛШТТ) ендіру бойынша ақпаратпен танысу мүмкіндігі бар. ЛШТТ қоршаған ортаны реттеудегі жаңа маңызды құрал болып табылады, ол атмосфераға шығарылатын стационарлық/стационарлық емес ластауыш түрлеріне қатысты деректер базасы болып табылады. ЛШТТ негізгі артықшылықтарының бірі – халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға қатер төндіретін шығарындылар мен ластауыштар туралы қол жетімді ақпарат болып табылады.