Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша басқарма 2019 жылдың 13-15 наурыз аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбында оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанындағы Қоршаған ортаны қорғау саласындағы біліктілікті арттыру бойынша басқарма 2019 жылдың 13-15 наурыз аралығында Астана қаласында «Экологиялық кодекс. Құқыққолдану» тақырыбында оқыту семинарын өткізуді жоспарлауда.

Басқарма семинар қатысушыларын соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған ҚР Экологиялық кодексі, электронды тасымалдауыштағы (2000-нан астам құжаттары бар CD-диск) қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» құқықтық базасы үлестірме материалдарымен қамтамасыз етеді.

Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға ведомстволық үлгідегі куәліктер беріледі.

Өтінімдер Басқарманың www.pkk.iacoos.gov.kz интернет-ресурсында қол жетімді тіркеу нысаны негізінде қабылданады.

Барлық ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 (7172) 95-48-13, 95-47-41 телефондары және pkkiac@mail.ru электронды мекенжайы арқылы Басқарма мамандарына хабарласуға болады.