Қарағанды облысында маусым айында күн электр станциясы іске қосылады

Дереккөз: www.energo.gov.kz

Қарағанды облысының Шет ауданына қарасты Ағадыр кентінде ірі күн электр станциясы салынып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Нысан маусым айында іске қосылмақ. Қазір аумақты қоршау толық аяқталып, енді электр желісін тартып, оған қосылу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаның құны – 55 млн еуро. Неміс инвесторлары «қуаты 50 мегаватқа жететін станцияны салу барысында еш кедергі болған жоқ», – дейді. Ал панельдерді қою кезінде шамамен 100-ге жуық жұмыс орны пайда болады. Айта кеткен жөн, облыс бойынша соңғы 3-4 жылда баламалы энергия бағытына 500 млн АҚШ доллар инвестиция тартылады деп күтіліп отыр. Евгений Гребенников, инвестор: – Қазір қосымша талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Заң жобасымен танысудамыз. Тариф жүйесін танып, тағы да осы салада Қазақстанда жұмыс істесек дейміз. Себебі инвестициялық климат өте қолайлы, жақсы жағдай жасалған. Осы категория бойынша: « Ақтөбеде көшедегі заңсыз сауда инспекторлардың қатаң бақылауында Қостанайлық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаумен мал шаруашылығын дамытқан »