Елордада 1,5 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Дереккөз: www.24.kz

Нұр-Сұлтан қаласында 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында «Біз – таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.

2019 жылдың 26 наурызы мен 26 мамыры аралығында қала аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру мен көгалдандыру бойынша «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясы, сондай-ақ 20 сәуір мен 11 мамырда «Біз таза астана үшін» жалпықалалық сенбіліктері өтеді.

Ал 20 сәуірде қалалық және республикалық органдар мен ұйымдардың қатысуымен 1665 бірлік көлемінде жаппай ағаштар отырғызу жоспарлануда.

Сондай-ақ көгалдарды тазарту, ағаштарды ағартып әктеу және қоқыстарды рұқсатсыз төгетін жерлерді жою жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан басқа 20 сәуірде жалпықалалық сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Сонымен қатар 26 ​​наурыздан бастап қазіргі таңда қаланың «Нұр-Сұлтан – таза және қауіпсіз қала» жалпықалалық акциясын өткізу кезеңінде ұйымдар, ПИК және коммуналдық қызметтер 1299,15 тонна қалдықты жинап шығарды.