2019 жылғы тамыздың 7-нан бастап 9-не дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 7-9 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару» тақырыбына семинар өткізді. 

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды: 

  • Парниктік газдарды реттеу саласындағы есептілік пен парниктік газдар шығарындыларына қосымша квоталар беру; 
  • Қалдықтарды өңдеуге арналған технологияларды, техника мен жабдықтарды әкелуді экологиялық реттеу; 
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару; 
  • Экологиялық менеджмент; 
  • Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар; 
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар; 
  • Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарының ғарыштық мониторингі; 
  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану; 
  • Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу; 
  • Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу; 
  • Экологиялық аудит; 
  • Профилактикалық бақылау және т. б. 

Семинарға «Казгипронефтетранс» Инжиниринг компаниясы» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС, «Human Health Institute» ҚБ, «Орталық» өндіруші кәсіпорны» ЖШС өкілдері қатысты. 

Қатысушыларға соңғы өзгертулер мен толықтырулар жасалған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасы ұсынылды. 

Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.  

Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.