2019 жылғы қыркүйектің 18-нен бастап 20-на дейінгі мерзім аралығында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбына оқыту семинар туралы хабарлама

ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК 2019 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

  • Мемлекеттік экологиялық бақылау және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптар.
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының және есеп берудің нысаны.
  • Профилактикалық бақылау.
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар және оларға қойылатын талаптар.
  • Аналитикалық мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы заңнамалық талаптарды орындау бойынша тәжірибелік ұсыныстар.
  • Автоматтандырылған мониторинг жүйесі.
  • Экологиялық аудит.
  • Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінде ақпараттық технологияларды қолдану.
  • Экологиялық ақпарат беру.
  • Қазақстанда табиғатты ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу.
  • Экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік және т. б.

Іс-шараға «МұнайТас» солтүстік-батыс құбыр компаниясы» ЖШС, «Kazakhstan Innovations» ҚҚ, «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ, ҚР БҒМ «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК, «Ақтөбе Орхус орталығы» ҚҚ өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодекстің жаңа редакциясының соңғы өзгерістерімен және толықтыруларымен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы «ЭкоИнфоПраво» нормативтік-құқықтық актілердің локальды базасымен танысты.

Семинар соңында қатысушыларға куәлік берілді.

Тақырыптың өзектілігін және табиғат пайдаланушылар мен басқа да мемлекеттік органдардың үнемі өсіп келе жатқан қызығушылығын ескере отырып, ҚР ЭГТРМ «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК оқыту семинарларын өткізуді жалғастыруды жоспарлауда.