Күзде Қазақстанда миллиондаған ағаш отырғызылады – Экология министрлігінің басшысы

Дереккөз – www.ru.sputniknews.kz

Қазақстанда республикалық эко-науқан басталады, оның барысында миллионға дейін ағаш отырғызылады. Акцияны Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев жариялады

Оның айтуынша, 3 қазан күні еліміздің барлық мектептерінде алғашқы экологиялық сағатты үкімет мүшелері мен әкімдердің қатысуымен өткізу жоспарланған.

«Эко-сағатты жас ұрпақтың табиғатты сүюге, экологиялық білімге тәрбиелеу жұмыстарына жұмсайды. Экологиялық сағаттан кейін мектептерде ағаштар отырғызылады. 3 қазан күні бүкіл республика бойынша 200 мыңға жуық ағаш отырғызылады деп күтеміз», – деді басқарма басшысы.

Республикалық науқан кезінде бүкіл республика бойынша бір миллион ағаш отырғызу жоспарланған.

Эко-акция туралы қосымша ақпарат алу үшін аудио файлды тыңдаңыз.