Балық өнімінің экспорты

Ақпарат көзі – www.gov.kz

Қазақстанның балығы әлемнің 36 мемлекетінде сатылады. Экспорттаушы елдердің саны одан да көп болуы мүмкін. Еліміздің бұл салада әлеуеті айтарлықтай зор. Ол үшін балық аулайтын су айдындарында балық өсіруді қолға алу керек. Осыған орай, Экология министрлігі 1 қарашаға дейін әкімдіктермен бірлесіп, балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді. Бүгінде елімізде балық шаруашылығымен айналысатын 1000-нан астам кәсіпорын бар. Әзірге олар жыл сайын 30 мың тонна балық өнімін экспорттап отыр. Жаңа бағдарлама балық өндірісін 600 мың тоннаға жеткізіп, оның тең жартысын экспортқа жіберуді көздейді.