«Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қатысты қызмет алушылармен жиі қойылатын сұрақтар және жауаптардың тізімі

  1. «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі қандай?

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы №130 бұйрығымен бекітілген «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына сәйкес «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы құжат тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

  1. «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ақылы негізінде көрсетіледі ме?

Жоқ. «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі Орхус конвенцияның ережелерін (Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны бекіту туралы 2000 жылғы 23 қазандағы №92-ІІ ҚРЗ) жүзеге асыру шеңберінде тегін негізінде көрсетіледі.

  1. «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін жүгінген кезде қандай құжаттар қажет?

 «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы қызметті берушіге жүгінген кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған Қағиданың 1-ші қосымшасына сәйкес нысан бойынша экологиялық ақпаратты беру туралы өтінішті толтыру қажет.

 

  1. Қызметті қызмет беруші арқылы алу мүмкін бе?

Жоқ. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес «Экологиялық ақпаратты беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электронды.

  1. «Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы қосымша ақпаратты қайдан алуға болады?

«Экологиялық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы қосымша ақпаратты:

  • Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ecogeo.gov.kz интернет ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен;
  • Қызметті берушінің ecogosfond.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінен;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі  қызметті берушінің   байланыс телефондары 8 (7172) 72-53-91 және Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.