www.ecokadastr.kz

Табиғи ресурстардың мемлекеттік  кадастрлары  жинаудың, жүйелеудің, сақтаудың, өндеудің және бейнелеудің автоматтандырылған жүйесін ұсынады және ҚР табиғи ресурстары туралы кеңістік-үйлестірулік деректерді, бұл деректердің талдауы табиғи ресурстарды қорғау, қалпына келтіру және сақтауға байланысты басқарушылық, өндірістік ғылыми міндеттерді шешуде тиімді пайдалану үшін қолданылады.

Қазіргі таңда ақпараттық жүйе тәжірибелік пайдалануда және өзінің құрамында келесі ішкі жүйелерді қамтиды

1)Орман кадастрының ішкі жүйесі
2)Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың ішкі жүйесі
3)Жануарлар дүниесі кадастрының ішкі жүйесі
4)Балық  кадастрының ішкі жүйесі
5)Картографиялық деректердің блогы

Әрбір ішкі жүйелер үшін ақпараттарды ұсыну деңгейлері:

-Жергілікті (орман шарушылығы, балық өсіру кәсіпорны, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар деңгейі)
-Облыстық;
-Республикалық;

ТРМК АЖ-сі 2004 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі аралықтағы 3778 кадастрлық объектілер бойынша динамикалық деректерді қамтиды.

Кадастрлық объектілерге сипаттамалар мен қасиеттер, сонымен қоса осы деректерді аумақтарды сипаттау үшін картада нақты кеңістік орналастыруын байланыстыру бар.

x_7bb5ffcf

Орман кадастрының ішкі жүйесі орман қорының жағдайы, шаруашылық қызметін бағалау, оны иелелеріне бөліп беру, орман қорының сандық және сапалық жағдайы туралы ақпаратты қамтиды. Объектілердің жалпы саны: 138.

Ақпарат «№1 нысан– орман қорын санаттар мен алқаптар бойынша бөлу», №1 нысанға 1- және 2-қосымша есептің статистикалық нысаны түрінде материалдармен берілген; Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің есептік материалдары;  кәсіпорындардың есептік материалдары (орман шаруашылығы)

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың ішкі жүйесі табиғатты қорғау, ғылыми, барлық қорықтық аймақтардың шаруашылық және  әкімшілік қызметі туралы ақпараттарды қамтиды:

-Мемлекеттік табиғи қорық;
-Мемлекеттік ұлттық табиғи парк;
-Мемлекеттік табиғи парк;
-Мемлекеттік ботаникалық бақ;
-Мемлекеттік табиғи резерват;
-Мемлекеттік табиғи кіші қорық;
-Мемлекеттік табиғат ескерткіші;
-Мемлекеттік қорықтар аймағы;

Ақпарат «№1 нысан – ЕҚТА» – ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды  функционалды аймақ және аймақ ішіне бөлу статистикалық нысаны түрінде материалдармен берілген; ЕҚТА-тың төлқұжаты; ЕАҚТ мекемелерінің есептік материалдары; Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің есептері; Объектілердің жалпы саны: 312.

6335837

Жануарлар дүниесі кадастрының ішкі жүйесі пайдалану, қорғау және өндіріс саласында  тиімді басқару  мақсатында жануарлар дүниесі жағдайы туралы ақпараттарды қамтиды. Объектілердің жалпы саны: 669.

Ақпарат «№2 нысан – аңшылық» – аңшылық шаруашылығы бойынша есептер статистикалық нысан түрінде материалдармен берілген; Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақтық инспекциясының есептік материалдары;

Балық  кадастрының ішкі жүйесі су объектілері мен балық ресурстарының (қазіргі таңда 1000-нан аса ірі объектілер бар)  жағдайы туралы ақпаратты қамтиды (қазіргі таңда 1000-нан аса ірі объектілерді қамтиды). Объектілердің жалпы саны: 2659.

Ақпарат «№1-2 нысан – БШҚ» статистикалық есеп үлгісіндегі материалдармен көрсетілген –  балық шаруашылығы қызметі туралы есептер; балық шарушылығының су қоймасы төлқұжаты.

Картографиялық деректер блогы. Әр кадастр бойынша тиісті ақпаратты құрайтын векторлық тақырыптық қабаттармен топографиялық негізбен 1:1 000 000, 1:200 000 масштабы Қазақстанның сандық картасымен көрсетілген:

-Ағаш тұқымының таралу түрлерінің ареалы;
-Жануарлар түрлерінің таралу ареалы;
-Орман шаруашылығының Мемлекеттік мекемелері;
-Аңшылық шаруашылығы;
-Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
-Балық шаруашылығы;
-Елді мекендер;
-Көлдер;
-Өзендер;
-Әкімшілік шекаралар;
-Өндірістік объектілер;
-Бедердің изосызықтары;
-Жер бүркеулері;
-Байланыс сызықтары;
-Көлік және теміржолдары;
-Үлкен өзендердің бассейні;
-Жер қыртысы;
-Табиғат аймағы;