Өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi – Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады.

Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ведомствоға бағынысты ұйымы «Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық-талдау орталығы» РМК жүзеге асырады.

ҚР Экологиялық кодексінің 152-155, 293-1 баптарына сәйкес өндiрiс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры Қоршаған ортаны қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ҚОҚ БАЖ) жүзеге асырылды және http://oos.energo.gov.kz порталында орналастырылды.

ҚОҚ БАЖ-дың мақсаты мемлекеттік экологиялық сараптама, мемлекеттік органдар, мүдделі жеке және заңды тұлғалар үшін өндіріс және тұтыну қалдықтары туралы деректерді жинау және өңдеу үдерісін жеңілдету және оңайлату мүмкіндігі болып табылады.

Аталған қалдықтарды жүйелі түрде жинау геоақпараттық жүйелерге негізделген, оған мыналар жатады

— өндіріс және тұтынудың әрбір объектісі бойынша қалдықтарды орналастыру;

— қалдық түрлері, олардың шығу тегі мен қасиеттері;

— компоненттік құрамы, сандық және сапалық көрсеткіштері.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры келесі құжаттардан тұрады:

— қауiптi қалдықтардың паспорттары;

— қалдықтарды түгендеу жөніндегі есептер;

— қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істер (қалдықтарды жинауға және жоюға жер учаскесін бөлу туралы ЖАО шешімін; жер учаскесінің шекараларын белгілеу туралы анықтаманы және құқық белгілейтін құжаттарды; қалдықтарды орналастыру объектілерін құрудың техникалық-экономикалық негіздемесін; мемлекеттік экологиялық сараптаманың және санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындыларын қамтиды).

Сондай-ақ, жойылуы қиын органикалық ластауыштар мен медициналық қалдықтар туралы ақпаратты құрайды.

ҚОҚ БАЖ бағдарламасының мүмкіндіктері, бір аймақта мысалында түзілген, өңделген және орналастырылған қалдықтардың көлемдері туралы ақпаратты көрсетуге, осы саладағы аса ірі табиғат пайдаланушылар туралы егжей-тегжейлі анықтауға жағдай жасайды.

Бұдан басқа, ҚОҚ БАЖ-да географиялық орналасқан орны және өндіріс және тұтыну полигондары мен қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша қажетті ақпаратты алу мүмкіндігімен қалдықтарды орналастыру объектілерінің картографиясы қарастырылған.

Жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын қолданысқа енгізу мүдделі мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға мыналарға мүмкіндік береді:

– мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар үшін ресми деректерге қол жеткізу;

– қалдықтардың пайда болу, қайта өңдеу сатыларында және көмілгенге дейін қозғалысын қадағалау;

– қалдықтарды басқарудың мемлекеттік саясатын неғұрлым тиімді жүргізу үшін талдамалық ақпаратты пайдалану.

Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайын Ақпараттық шолу әзірленеді.

2016 жылға ақпараттық шолу
2017 жылға ақпараттық шолу
2018 жылға ақпараттық шолу
2019 жылға ақпараттық шолу
–2019 жылға арналған карта