«Алматы Орхус орталығы» ҚҚ мақсаты:

– қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша көмек көрсету;

– қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

– қоршаған ортаны қорғау саласындағы шешiмдер қабылдау үрдісіне жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

– Конвенцияның ережелеріне сәйкес өңірлік даму және бейімдеу бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу.

Қызмет бағыты:

–    ақпараттық – кеңес беру жұмысы;

–    конвенцияны ілгерілетуде жәрдемдесу;

–    жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуының кедергілерін зерттеу және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

–    Кепiлдендірілген Орхус конвенциясына және сот төрелігіне қол жеткізу құқықтарын іске асыру мониторингі;

–    білім беру іс-шаралары (тренингтер, семинарлар, дәрістер);

–    экологиялық білім беру және ақпараттық-насихат.

Біздің Қормен 2013-2017 жылдарға негізге алатын бағытталған жұмыстар анықталды:

– Орхус конвенциясының мақсаттары мен міндеттерін іргерілетуге қатысу;

– оқыту және ағарту қызметі;

– инновациялық жобаларды іске асыру.

1. «Алматы Орхус орталығы» Қоғамдық қорының 2013 ж. 1-ші жарты жылдық жұмысы бойынша есебі (06.05.2013ж.-01.07.2013ж.)

Тіркелген кезден бастап №1 хаттамаға сәйкес 2013 жылдың соңына дейін Қор  жұмысының жоспары бекітілген, сол бойынша және соған сәйкес Қор 2013 жылдың соңына дейін келесі үш негізгі міндеттерді орындаулары тиіс:

– Қордың мақсаттары мен міндеттерін іске асыру мақсатында мүдделі ведомстволармен, ұйымдармен және қорлармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою;

– алдағы уақытта тұрақты жұмыс істеуі үшін ұйымдық және қаржылық алаңын құру;

– 2014 жылғы жобаларды іске асыру үшін жұмыс алаңын дайындау.

 Қор қызметкерлері «Экологиялық кодекс», «Халықаралық конвенциялар», «Мұнай-газ өндірісіндегі экологиялық қауіпсіздік» курстарын оқыды. «Мұнай-газ өндірісінде экологиялық қауіпсіздік» курсы бойынша дәріс әзірленді және оқылды.

«Тұрақтылық пен қауіпсіздікті жоғарылату» ЕҚЫҰ 21-ші экономико-экологиялық форумының жұмысына және Орхус конвенциясының қабылдануының 15 жылдығына орай «ЖКШ саласында энергия тиімділігі және үнемділігі» Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қауымдастығының конфенренциясына қатысты (маусым 2013ж.).

G-Global сайтына «Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу басымдықтарының бірі ретінде өңірлердің эколого-экономикалық даму концепцияларын» дайындауға және жариялауға қатысу.

2014 жылы төмендегі жобаларды іске асыру үшін алдын ала келіссөздер, үйлестіруді және дайындық жұмыстары жүргізілді:

– халықаралық инновациялық идеялар көрмесінің жұмысына және дайындығына қатысу;

– жергілікті мамандарды кезекті тағылымдама және халықаралық сертификат алумен қосалды оқыту туралы  Австралия, Германия, Грекия жоғары оқу орындарымен және Нью-Йорк, Брюссель, Лондон қалалары ұйымдарымен келіссөздер;

– қосалды оқытуға бағытталған мамандарға арналған алдын-ала даярлау үшін білім беру орталығын құру жұмыстары;

– Эко қоныс бойынша жер участігін бөлу және оған Ғылыми-техникалық инновациялық орталықтарын құру жұмысы.

2. 2013 жылдың екінші жартыжылдығына арналған «Алматы Орхус орталығы» қоғамдық қорының жұмысы бойынша есебі (01.07.2013ж.-31.12.2013ж.)

 – ЕҚЫҰ және Ұлттық Орхус орталығының бірлескен жобасы шеңберінде қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және ҚР Жоғары  Сотының 29-31 шілдеде Қорғалжын қорық аймағында қолдауымен – «Қазақстанда Орхусс орталықтарының тұрақты даму негіздері» кешенді үш күндік семинар-тренингке;

 – 09.10.2013 жылы Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенцияны іске асыру туралы ұлттық баяндаманың алдын-ала нұсқасын және «Азаматтық істерді қарастыру кезінде қоршаған табиғи орта аясындағы пікірталастар бойынша заңнаманы соттармен пайдалану тәжірибесінің кейбір мәселелері туралы»ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулысының жобасын талқылау бойынша «Орхус конвенциясын іске асырудың нормативтік-құқықтық аспектілері» дөңгелек үстелінің жұмысына (ескертулер мен ұсыныстар берілді);

 13.11.2013ж. «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасы бойынша жұмыс тобы отырысының жұмысына (ескертулер мен ұсыныстар берілді);

Эккологиялық тиімділік аудитін қосатын кешенді тиімділік аудиті бойынша нұсқаулықты әзірлеуге қатысты.

Алматы облысын Орхус конвенциясының ережелерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелерді айқындау және жүзеге асыру бойынша максималды қамту үшін оқыту орындарының ұстаздық құрамына, оқытушылар мен студенттердің белсенділерінен құралған Қоғамдық қордың көздері құрылды. Экологиялық тәрбие беру мәселелері бойынша жалпы білім беру мектептері үшін (Алматы облысының білім беру департаментімен келісу сатысында) сынып сағаттарын өткізу бағдарламасы әзірленді, ол үш жастық топтарды (1-4 сыныптар, 5-8 сыныптар, 9-11 сыныптар) және үш бағытты («Табиғат экологиясы», «Денсаулық экологиясы», «Жан экологиясы») қосады. Студенттік және жұмысшы жастар үшін «Орхус конвенциясының және экологиялық тәрбие беру негіздері», кәсіби пайдалану үшін «Орхус конвенциясының негіздері және табиғатты қорғау қызметінің тиімділігінің мәселелері» жаднамалары дайындалуда. Мектепке дейінгі білім беру үшін үлестіру негізінде «Орхус конвенциясы суреттерде» кітапшасы дайындалуда. «Тұран» және ҚазҰУ университеттерімен серіктестік туралы меморандумларға қол қойылды, басқа да университеттермен қол қоюға меморандумдар дайындалуда (келісу сатысында). «Туран» университетінің студенттері үшін «Орхус конвенциясы: мақсаты мен міндеттері» және «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу концепциясы» тақырыптарына дәрістер дайындалып, оқылды (200-ден астам адам қамтылды). «Тұран» университетіне жиһаз тапсыру бойынша қайырымдылық акция өткізілді. «В контакте» және «Facebook» әлеуметтік желілерінде топтар тіркелді, «Enaktus — Turan» жастар қозғалысымен серістестік басталды.

Алматы қ. және Алматы облысы әкімдіктерімен меморандумға қол қою дайындалуда, 2014 жылға арналған Табиғатты пайдалану департаменттерімен бірлескен іс-шаралар жоспарын келісу сатысы жұріп жатыр.

Ресей, Украина, Қазақстанның Академиялық ортасымен және басқа да мүдделі құрылымдармен 2014 жылы бір қатар инновациялық жобалармен, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру бойынша белсенді бірлескен жұмыс жүргізілуде:

– техногенді гумус шығарылымын алумен шөгінділерді толық жоюмен өзендер мен көлдерді тазалау бойынша кешендік бағдарлама әзірленді, пилоттық жоба келісуде;

– Алматы және Ақмола облыстарында кешенді тазарту жабдықтарын (КТЖ) жандандыру бағдарламасы, бұл құрылысқа, қызмет көрсетуге шығындарды біршама қысқартуға, жағымсыз иістерді жоюға, соңында экологиялық таза белсенді биомассаларды алуға мүмкіндік береді;

– көмірді газдандыру бағдарламасы;

– еуропалық ұқсастармен салыстырғанда құрылыс және мазмұнына шығындарды біршама қысқартуға мүмкіндік беретін және біздің талаптарға бейімделген қатты тұрмыстық қалдықтарды кешендік қайта өңдеу бойынша зауыттардың өңірлік желісін құру;

– жүз пайыз қазақстандық мазмұнмен бірегей технологиялар бойынша шағын мұнай өңдеу зауытының өңірлік желісіп құру, бұл сапалы мазмұнына қарамастан мұнайды терең өңдеуді алуға және шағын кен орындарын іске қосуға мүмкіндік береді.

2014 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

 3. Ескертулер.

3.1. Бүгінгі таңда барлық ұйымдастырушылық мәселелер (орналастыру, мазмұны, фирмалық және үлестіру материалы және т.б.) және іс-шаралар жеке мүмкіндіктердің есебінен және Қор активінің қаражатына шешіледі және өткізіледі. Мүдделі ведомстволар тарапынан тиісті қолдау жоқ.

3.2. Атқарушы органдар ҚОСРМ хаттарына әсер етпейді, бірлескен қызметті жүзеге асыруға жәрдемдеспейді, қалалық және облыстық дейгейде іс-шаралар өткізуге кезінде ҚҚ орналастыруды қамтамасыз етуде қолдау көрсетпейді, даму жоспарлары бройынша қажет ақпаратты ұсынбайды, ҚҚ комитеттердің жұмысына қоршаған ортаны қорғау және ақпаратқа қол жетімділік мәселелері бойынша қоспайды.

4. Ескертулер.

4.1.Орхус конвенциясының ережелерін орындау жалпы мемлекеттік іс болып табылатындығына байланысты, орындаушы органдардың Орхус қорларымен өзара қарым-қатынасы сұрағын аса дәл құжаттармен және мүдделі ведомстволармен заттық нақтылау қажет.

4.2. Орхус қорларына ҚОСРМ тарапынан ҚОСРМ және басқа да министрліктерде аккредиттеуде қолдау көрсету қажет, себебі көптеген экологиялық мәселелер бірнеше министрліктер мен ведомстволардың мүдделерін қозғайды.

4.3. Стратегиялық даму жоспарларын, жол карталарын, ірі жобаларды дайындау кезінде әлеуметтік қарбаластықты жою үшін кәсіпорын жұртшылығымен локалды емес, өңір жұртшылығының атқарушы органдармен бірлесіп қатысуымен қоғамдық тыңдауларды өткізген дұрыс.

4.4. ҚОӘБ дайындық кезінде кәсіпорындардан өңірлер мен кәсіпорындардан барлық балансының техникалық-экономикалық және әлеуметтік-экологиялық көрсеткіштері шегінде тиімділікті ендіруді талап ету, себебі ТЭН жобаның жағымдылығы бюджеттік қаржыландыруды алу үшін жобаға бөлінеді, бірақ бұған ненің есебінен жететіндігіне нақты ұсыным берілмейді (мысалы, тауар өнімінің ұлғаюына жетеді, ал ресурсты тұтыну және ластану жеткізіледі, жоба бойынша қосымша шамамен 50 жұмыс орнын ұсыну ұсынылуда, ал осындай жандандыру есебінен 150 адам жұмыссыз қалады, және көбіне әлеуметтік төлемдердің сомасы жоба тиімділігінен көбірек).

 «Алматы Орхус орталығы» қоғамдық қоры – М. Ағыбаев

Орналасуы: Алматы қ., Айманов көш., 202, 3-ші кеңсе.

Электронды мекен-жайыaarhus.almaty@gmail.com

Алматы Орхус орталығы