Дереккөз: www.24.kz

ca5569777ad5a14628c75e3ee77c65be_l

Украинада жаңартылған қуат көзіне қатысты жаңа үрдіс пайда болды. Мұнда газ ұңғымасының орнына енді қызыл тал алқабы қолданып келеді. Аталған өсімдіктің баламалы энергетика бөлетін айрықша қасиеті бар.

Украинада егін шаруашылығына қолайсыз 5 миллион гектар аумаққа қызыл тал отырғызылуы мүмкін. Себебі оның әр гектарынан газды алмастыруға арналған ауқымды көлемде отын алынады. Мынау – Киев маңындағы алғашқы энергетикалық қызыл тал алқабы. Мұндағы көшеттер Щвециядан әкеліп отырғызылып, алғашқы жиын-терімі жүргізілген. Енді оның аумағын кеңейту үшін қосымша 500 гектар жер бөлінді.

Иван Надеин, компания өкілі:

-Ауыл шаруашылығы үшін жарамсыз жер телімдерін басқа мақсатта да пайдалануға болады. Әсіресе қызыл тал – баламалы энергетика үшін таптырмас өсімдік. Ол ерекше күтім мен баптуды қажет етпейді.

Газ бағасының қымбаттауына байланысты украиндықтар баламалы қуат көзіне көңіл бөле бастады. Сәйкесінше, шикізатқа деген сұраныс артты. Демек, тез өсіп, қайта жаңғыртылатын ресурс қажет. Ол үшін мамандар қызыл талды таңдап, энергетикалық тұрғыда ерекше тиімді екенін айтады.

Севастьян Трушевский, компания өкілі:

-Қызылтал қарағай секілді жанады. Ал ең басты айырмашылығы тез өседі. Сондықтан қайта жаңғыртылатын қуат көзіне жатады. 3 жылда бір рет алқаптағы ағаштарды кесіп аламыз. 

Өсімдіктің тағы бір ерекшелігі, күй талғамайды. Сондықтан оны кез келген жерде өсіруге болады. Айта кетейік, Астанадағы ЭКСПО көрмесінде компания өкілдері отынның бұл түрін пайдалану, өсіру жолдарын жан-жақты таныстыруды көздеп отыр.

Иван Надеин, компания өкілі:

-Біз көрмеде осы мүмкіндікті көрсеткіміз келеді. Әріптестерімізбен тәжірибе бөлісуге әзірміз.

Компания ЭКСПО көрмесіне энергетикалық өсімдік өсірумен қатар баламалы қуат көзіне қатысты тағы 5 жоба ұсынып отыр. Ал халықаралық шара ойлаған істі жүзеге асырып, әлемдік нарыққа жол ашатын оңтайлы мүмкіндік болғалы тұр.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко