Су тасқынына қарсы жүргізіп жатқан шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

Бүгін Қазақстан Республикасының Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова Министрліктің су тасқынына қарсы жүргізіп жатқан шаралары туралы хабардар етті.

Жыл сайын ақпан айында «Қазгидромет» РМК барлық мемлекеттік органдар мен өңірлердің әкімдіктеріне көктемгі су тасқыны кезеңіне арналған алдын ала консультациялық гидрологиялық болжамды, ал наурыз айынан бастап негізгі болжамды әзірлейді және жолдайды.

Аталған болжамдардың негізінде жалпы облыстар бөлінісінде қауіптілік деңгейі анықталады. Алдағы су тасқыны кезеңінде аталған іс-шаралар қалыпты жалғастырылатын болады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша республика аумағында 1478* тірек гидротехникалық құрылыстар (ГТҚ) (су қоймасы – 342, бөгет – 219, бөгет – 485, су торабы-119, тоғандар – 313) бар, оның ішінде республикалық меншікте – 333, коммуналдық меншікте – 895, жеке меншікте – 228, иесіз – 22.

Иесіз ГТҚ қатысты, біздің министрлікпен жергілікті әкімдіктердің аттарына бірнеше рет меншікке алу қажеттілігі туралы хаттар жазылып келеді. Сонымен қатар, кейбір ГТҚ – ды тіркеуге алғанмен, аймақтарда басқа да иесіз ГТҚ табылып тізімге алынуда екенін ескерген жөн. Қазіргі таңда Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарындағы иесіз ГТҚ бойынша Азаматтық кодекстің 242-бабына сәйкес иесіз мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау туралы сот талқылаулары өтуде.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 510 ГТҚ жөндеуді талап ететіні анықталды (республикалық меншікте – 37, коммуналдық меншікте – 401, жеке меншікте – 55, иесіз–17).

Сонымен қатар, 2024 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында бассейндік инспекциялар вегетациялық кезеңнен кейін ГТҚ қауіпсіз пайдалану мақсатында комиссиялық тексеру ұйымдастыратын болады.

Сондай-ақ, Республикалық баланстағы 206 ГТҚ үшін көп факторлы зерттеу жүргізу және бөгеттердің қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қажет.

2023 жылы Республикалық бюджеттен 13 объектіде көп факторлы зерттеу жүргізу мақсатында және 15 объектіде бөгеттердің қауіпсіздік декларациясын жасау мақсатында 652,7 млн.теңге бөлінді.

Сонымен қатар 2024-2026 жылдардың бюджетін қалыптастыру кезеңінде аталған жұмыстарды 31 ГТҚ жүргізу мақсатында 1524,3 млн.теңге сұраным енгізілді.

Су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарын көп факторлы тексеру барлық сыныптар мен түрлердің және олардың негіздерінің пайдаланылатын, салынып жатқан және консервацияланған гидротехникалық құрылыстарының қауіпсіздігін бағалау мақсатында жүргізілетінін атап өту қажет.

Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК теңгеріміндегі 206 гидротехникалық құрылыстың 102 су тасқыны қаупі бар объектілер қатарына жатқызылды. Су басу аймағында 102 объект 296 елді мекенге жақын орналасқан, халқы 2 547 649 адам.

Сондай-ақ, су тасқыны кезеңінде қанағаттанарлықсыз жағдайға байланысты 87 су қоймасының 3 су қоймасы транзиттік режимде ((ШҚО) Қандысу және Қаракөл суқоймалары, (СҚО) Чарык суқоймалары) болды, қалған су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеді.

Су тораптары мен су қабылдағыштар қанағаттанарлық жағдайда.

Су басу қаупін жою мақсатында Министрлік  жөндеуді қажет ететін 41 ГТҚ-ны қайта жаңартуды жүргізуде. 2017-2022 жылдары 16 нысан қалпына келтірілді. Нәтижесінде 120 мыңнан астам халқы бар 19 АЕМ су тасқыны жойылды (Алматы, Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстары).

Оның ішінде Алматы облысында жинақтау көлемі 42 млн. м3 Қызылағаш су қоймасы қайта жаңартылды. Биыл тағы 2 су қоймасы қалпына келтірілуде ((БҚО) Чар суқоймасы, Шардара су қоймасы Түркістан облысы). 5 нысанды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда, 1 нысан техникалық қорытындыға сәйкес қанағаттанарлық жағдайда, бүгінгі күні жобаны авариялық Нысандар құрамынан шығару мәселесі пысықталуда.

Осы жобалар іске асырылған жағдайда 300 мың халқы бар 40 елді мекенді су басу қаупі мәселесі шешілетін болады.

Жалпы, су тасқыны кезеңіне дайындық «Қазгидромет» РМК болжамды деректерін ескере отырып талданатын болады.

Су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында Министрлік және оның ведомстволық бағынысты құрылымдары мынадай іс шараларды жүргізеді:

– жыл сайын «Қазсушар» РМК базасында Министрліктің жедел штабы құрылады, сондай-ақ «Қазсушар» РМК филиалдарының базасында Облыстық жедел ден қою және талдау штабы құрылады;

– кезекшілік кестесі бекітіледі, Су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіледі;

– республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суларды апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және бекітіледі, объектілерді тексеру актілері мен дайындық паспорттары, сондай-ақ ТЖ туындау қаупі дәрежесі бойынша су шаруашылығы объектілерінің тізбелері жасалады;

– гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімге байланысты режим кестелері бекітілетін болады;

– су тасқыны кезеңі басталғанға дейін пайдалану қызметтері бекітілген кестелерге сәйкес су тасқыны суларын жинақтау үшін су қоймаларындағы бос сыйымдылықтардың қажетті қорын қамтамасыз етеді;

– көрші мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілерінде су жинақтау көлемі талданатын болады;

– төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «Қазсушар» РМК бөлімшелері инертті материалдардың қажетті қорын дайындауда.