Саланың цифрлық трансформациясы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртарт министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1273849?lang=kk

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі әртүрлі ақпараттық жүйелерден басқарудың бірыңғай цифрлық контурына көшумен саланы кешенді цифрлық трансформациялауды жүргізуде.

Бүгінгі таңда процестердің 29 тобының 15-і толық цифрландырылған, тағы 8-і ішінара, бұл ретте цифрлық үкімет архитектурасына сәйкес салалық деректердің 71% – ы цифрлық форматта ұсынылған.

Келесі кезең қалған процестерді қайта құруды, деректерді шоғырландыруды және жасанды интеллект құралдарын енгізуді қарастырады. Бұл орын алған бұзушылықтарға ден қоюдан экологиялық тәуекелдерді белсенді анықтауға көшуге, қалдықтармен жұмыс істеудің ашықтығын, экологиялық бақылаудың тиімділігін және табиғи қауіп-қатерлерге ден қоюдың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.