image

Әлемнің 55 елінен жиналған үздік компаниялар #NEWENERGY экспо-шоуында баламалы энергетикаға қатысты жобаларын ұсынады. Шара 27 желтоқсанда Тәуелсіздік сарайында өтеді, деп хабарлайды BNews.kz.

 Ұйымдастырушыларың айтуынша, #NEWENERGY-ға қатысу үшін 600-ге жуық өтінім түскен. Халықаралық жеті сарапшы экспо-шоуға өтетін ТОП-100 жобаны таңдайды. Финалда үздік 30 стартап-жоба марапатталады. Содан кейін олар Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысады.

#NEWENERGY-ге шамаман 50 елден 1500-ден аса қатысушы, сондай-ақ халықаралық инвесторлар, венчурлік қорлар, акселераторлар, баламалы энергетика саласындағы ғылыми элита мен сарапшылар келеді.

Дереккөз: bnews.kz