Дерккөз: Bnews.kz

66ef3885698a27a9c516e57e7922b59b_crop_l_6_t_39_w_806_h_454_resize_w_840_h_ФОТО: EXPO-2017 Astana

Астанада өтетін халықаралық көрмеде ТМД елдерінің барлығы өз павильонын таныстырады, деп хабарлайды expo2017astana.com.

Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Армения Республикасының экономикалық даму және инвестиция министрі Сурен Караянның кездесуі барысында Арменияның «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығы мәлім болды.

ТМД елдері түгел халықаралық көрмеге қатысатынын ресми растады. Бүгінгі таңда 105 мемлекет халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатынын растады, 98 мемлекеттің комиссары тағайындалды, 82 мемлекет қатысу келісімшартына қол қойды.