Бүгін 2016 жылғы 12 қазанда ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Париж келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасы бекітілді.

Бұл ағымдағы жылдың 5 қазанында Париж келісімінің күшіне енуі үшін қажет шарттарға қол жеткізілгенін білдіреді: парниктік газдардың жалпы жахандық шығарындылары жиынтығының кемінде 55 (елу бес) пайызы үлесіне тиетін Конвенция Тараптарының кемінде 55-і (елу бесі) Біріккен Ұлттар Ұйымының Депозитарийіне ратификациялау туралы құжаттарын тапсырды. Яғни, Париж келісімі отызыншы күні, немесе 2016  жылғы 4  қарашада күшіне енеді.

Қазіргі уақытта Келісімді 76 мемлекет ратификациялады.

Париж келісімінің ережелеріне сәйкес Келісім Тараптарының 1-ші  кеңесі Марракеш қаласында (Марокко),  Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы Негіздемелік Конвенциясының 22-ші Тараптар Конференциясының шеңберінде ағымдағы жылдың 7-18 қарашасы аралығында өтеді.

Париж келісімі климаттың өзгеруімен күресте әлемдік қауымдастығының күшін біріктіреді, ол бүкіл ғаламшар бойынша ауаның орташа температурасын 2 градусқа арттыруды болдырмауға жәрдемдеседі.

Осы мақсатқа жету үшін Париж келісімінің тараптары, дамыған елдер мен дамушы елдер, парниктік газдардың шығарындыларын шектеу бойынша өзінің үлесін қосу қажет. Бұл ретте, Келісімге сәйкес мемлекеттердің үлестері әр бес жыл сайын қайта қарастырылуы қажет.

Және Париж келісімі шеңберінде ең маңызды жетістіктің бірі, ол үлестерді жүзеге асыру үшін Мемелкеттерге халықаралық қаржылық ұйымдардың қаржылық ресурстары, технологияларды әзірлеу және беру, потенциалды арттыру түрінде қолдау көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының Келісімді ратификациялауы шығарындыларды қысқарту  және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша жобаларды іске асыру үшін қаржылық көмек пен инновациялық технологияларды алуға жәрдемдеседі.

Бұл ретте, ҚР қолданыстағы заңнама шеңберінде төменкөміртекті дамуға көшуге бағытталған тетіктер мен инфрақұрылым Париж келісімінің қағидаларымен келісетінін атап өту керек.

Қазақстан Республикасының «Париж келісімін ратификациялау туралы» заң жобасымен танысу

ҚР ЭМ Баспасөз қызметі