Дереккөз: www.24.kz

ЕХРО-ға билет бағасы отандастарымызбен қатар шетелдіктерге де бiрдей болады.

Халықаралық көрмеге кіру құны 4 мың теңгеден 8 мың теңге аралығында бекітілген. Бүгінге дейін 608 мыңға жуық билет сатылған. Сатып алушылардың 12%-ы – шетелдіктер. Астана мен Алматы қалаларында ЕХРО билеттерін сататын 4 арнайы касса жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, билеттер ресми сайт пен еліміздегі «Қазпочтаның» филиалдары және «Меломан» дүкендер желісінде сатылады. Ал, наурыз айынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде көрме билеттерін сататын кассалар ашылады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар ЕХРО-ға тегін кіре алады. Сонымен қатар студенттер мен оқушылар, көпбалалы отбасыларға 50%-дық жеңілдік жасалады.

Ақсұлу Арзықұлова, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК департамент директорының орынбасары:

– 1 ақпаннан бастап билет сатуда өзінің датасын өзгерту функциясын іске қостық. Ол ең алдымен билеттің құны 4 мыңнан басталатын болса, яғни сіз белгіленген күні – 10 маусым мен 10 қыркүйек күні нақты бір датаны белгілеп, таңдап алатын болсаңыз, ол билеттер жұмыс күндері 4 мың теңгеден, ал демалыс күндері 6 мың теңгеден. Ал егер сіз ашық датамен билет сатып алатын болсаңыз, жұмыс күндері 6 мың, ал демалыс күндері 8 мың ол билеттің құны.