Балқашта трансшекаралық су ресурстарын сақтау мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында. https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/783594?lang=kk

Мұнда екі күндік «Балқаш-2024: сын-қатерлер мен шешімдер» халықаралық су-климаттық форумы өтті. Шара екі министрліктің: су және ирригация, экология және табиғи ресурстар, сондай-ақ ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Бас демеуші – Қазақмыс корпорациясы.

Форумға сондай-ақ ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев қатысты.

Ол Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын ұсынды. Оның ішінде – суды тазарту. Биофильтрация және нанотехнологияларды қолдану сияқты суды тазартудың инновациялық әдістері Балқаш көлінің ластану деңгейін төмендетіп, су сапасын жақсарту.

Айта кетсек, облыста қоршаған ортаны жақсартуда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы да өз жемісін беріп жатыр. Облыс бойынша екі айда ол 112 мың адамды біріктірді, 367 рұқсат етілмеген полигон жойылды, 127 мыңға жуық ағаш егілді. Оның ішінде Балқашта да белсенді жұмыс жүргізілуде. Қоршаған ортаға жанашыр азаматтар «Таза су айдындары» акциясына қатыса отырып, көлдің жағасын қоқыс пен лайдан тазарту жұмыстары жалғасын тауып жатыр.