Оқыту семинары «Экологиялық бақылау және басқару жүйесі. Экологиялық кодекс және оны қолдану тәжірибесі»

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі ресми сайтында https://iacoos.kz/kz/2026/03/27/42984

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ақпараттық-талдамалық орталық» РМК (ҚОҚАТО) экологиялық заңнаманы қолдану және экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған оқыту семинарына қатысуға шақырады.

Семинардың мақсаты – экологиялық заңнама саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді басқару тетіктерін дамыту.

📅 Өткізу мерзімі:
• 2026 жылғы 08–10 сәуір – онлайн (Zoom платформасы)
• 2026 жылғы 22–24 сәуір – офлайн, Астана қ.

Семинар бағдарламасы аясында келесі негізгі бағыттар қарастырылады:
• Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің негізгі қағидалары және оған енгізілетін өзгерістер;
• экологиялық рұқсаттарды алу тәртібі және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
• қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) рәсімдерінің ерекшеліктері, оның ішінде кезеңдері, есептілігі және қоғамдық тыңдаулар;
• өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарудың өзекті мәселелері, оның ішінде қауіпті қалдықтармен жұмыс және оларды жіктеудің жаңа тәсілдері;
• кәсіпкерлік кодекске сәйкес мемлекеттік бақылау объектілерінде профилактикалық экологиялық бақылауды жүзеге асыру;
• құқық қолдану практикасы, әкімшілік рәсімдер және экологиялық бақылау саласындағы өзекті өзгерістер;
• өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• қоршаған ортаға эмиссияларды автоматтандырылған мониторингтеу жүйелерін енгізу және олардың жұмыс істеуі.

Семинар барысында заңнаманы практикалық қолдану мәселелеріне, табиғат пайдаланушылар тарапынан жиі жіберілетін қателіктерге және нақты жағдайларды талдауға ерекше назар аударылады. Қатысушылар өзекті сұрақтарына жауап алып, тәжірибелік ұсынымдар алады.

Лекторлар құрамына Экологиялық кодекс пен оған қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеушілер, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, сондай-ақ тәжірибелі тәуелсіз сарапшылар кіреді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға оқудан өткені туралы атаулы сертификат беріледі.