Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресуртар министрлігі ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1234253?lang=kk
Самарқандта өткен Жаһандық экологиялық қордың Ассамблеясы аясында Қазақстан Республикасының делегациясы ФАО-ЖЭҚ-ның CACILM2 өңірлік бағдарламасы бойынша табиғи ресурстарды кешенді басқару мәселелеріне арналған панельдік пікірталасқа қатысты.
Іс-шара барысында Климаттық саясат департаментінің директоры С. Сабиева Қазақстанда іске асырылған жоба нәтижелерін таныстырды. Атап айтқанда, тұрақты жер және су ресурстарын басқару саласында климатқа төзімді технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығының орнықтылығын арттыру, деградацияға ұшыраған жерлерді қалпына келтіру, сондай-ақ заманауи мониторинг жүйелерін дамыту бағыттарындағы жетістіктер баяндалды.