Ғалымның сөзінше, жануарлардың өлексесінен паралич, аяқтарында жаралар секілді белгілер анықталды. Бұндай жағдайлар кене энцефалитінде пайда болады, яғни, жауар аяқтарын баса алмай, жығылады.
«Өлекселерді тексерген кезде пастереллез емес, тейлериоздың белгілері байқалады. Theileria annulata қоздырғышы киіктердің ағзасында паразитті тіршілік етеді. Жануарлар осының салдарынан жеңіл түрде ауырып, кейіннен жазылып кетеді. Алайда көктемде көші-қонда кенелер шаққан кезде Theileria жанданып, тейлириоз індеті туындайды. Сонымен бірге аш кенелердің сілекейінде улы заттар бөлгендіктен, кене параличін тудырады. Пастерелез кез келген жануардың ағзасында бар. Осы орайда пастереллез бірінші фактордан кейін киіктерде екінші инфекция ретінде туындап отыр», – деді ол.
Осы орайда Ә.Жақыпов киіктер жүріп өтетін аумақтарда кенелердің таралуына жол бермеу жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Оның пайымынша, көктемде жануарлардың қырылуының алдын алу үшін тиісті шараларды қазірден бастап атқару керек.