АСТАНА. ҚазАқпарат – Норвегия үкіметі жаңа веложолақтар желісін салуға 1 млрд доллар жұмсамақ, деп жазады Fast Company.
Норвегия үкіметі 2030 жылға қарай ел тұрғындарының меншігіндегі көліктер санының өсуін шектемек. 2019 жылы Осло орталығында автокөліктердің жүруіне тыйым салынады. Көліктерді азайту стратегиясының бір бөлігі – құны 1 млрд доллар тұратын вело жолдар салу.
Екі жолақты вело жол елдегі ірі тоғыз қаланың орталықтарын қала шеті мен оған жақын кенттер арасын жалғайды. Жол «қала маңындағы кенттер тұрғындарын көптеп тартуы тиіс, өйткені біз олар машинадан велосипедке көшеді деп көздеп отырмыз», дейді Норвег қоғамдық жолдар бсқармасы жанындағы велосипедтендіруге көшудің ұлттық үйлестірушісі Марит Эспеланд.
Норвег халқы көрші Дания мен Швеция тұрғындарына қарағанда велосипедті аз пайдаланады. Әсіресе қала орталығынан қашық тұратындар осыған үйренген, өйткені аралық шалғай әрі көпшілік екі дөңгелекті көлікпен жүруге күле қарайды.
Вело жолдар норвегтік биліктің ауаға көміртектің таралуын жою және іштен жану қозғалтқыштары бар көліктерді азайту жөніндегі үлкен жобасының бір бөлшегі ғана. 2030 жылдарға қарай Норвегия ауаға зиянды бөлшектерді таратуды азайтуды 40%, 2050 жылдарға қарай – 100%-ға жеткізбек.
Таяу бес жылда елдегі барлық қоғамдық көлік электрмен жүруі тиіс, алты жыл ішінде барлық такси тоқпен қуат алатын түрлеріне көшіріледі. Сондықтан елде электромобиль жасаушыларға әсіресе тоқпен жүретін автобус жасаушыларға жеңілдік берілген.