Дереккөз: АО “Қазақстан Темiр Жолы”

1_30«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болып, Құрық портындағы паром кешені құрылысы барысымен танысты.

Қазіргі таңда бұл аумақтан 3,9 млн текше метр жер қабаты босатылды.

Ерсай станциясындағы кіре беріс темір жол телімінен Құрық станциясына дейін 13 шақырымдық темір жолдың 9 шақырымына рельс торкөздері төселе бастады.

 Осы жолдар арқылы Батыс тұсынан толқындардың тосқауылдық қалқандарына қажетті 95 мың текше метр тас жеткізілді. Тәулігіне екі мың текше метр тас жеткізілуде. Жағалаудың табанын қазу арқылы тереңдету  үшін 800 мың текше метр теңіз түбіндегі топырақты шығару жоспарлануда.  Бұған әлемдік деңгейдегі танымал теңіз табанын қазатын Jan De Nul бельгиялық компаниясының қатысуымен жасалады.

Тамыздың ортасына дейін үш секциялы көпірдің көтеру- өткізу металл қаусырмалы көпірінің алғашқы партиясы жеткізіледі.

Қазіргі кезде бірқатар нысандардың құрылысы басталды. Оның ішінде әкімшілік, инженерлік, диспетчерлік қызмет, кеден және шекаралық бақылау орындары жасалуда.

Биылғы жыл аяғына дейін кешеннің алғашқы бөлігін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл паром кешеніндегі Құрық порты арқылы жүк қабылдап жөнелтуді іске қосудың алғашқы техникалық және технологиялық дайындығы жасалады.

Нысанның екінші бөлігіндегі құрылыстарды аяқтау 2017 жылға жоспарланып отыр.

Құрық  портындағы жаңа паром кешені тәулігіне бес паромға қызмет көрсетеді. Сол арқылы жылына 4 миллион тонна жүкті өңдейтін болады.

Құрық портындағы ауқымды жұмыстар мен Боржақты-Ерсай темір жол желісі басты жүктер мен сұйық жүктерді мультимодальдық тасымалдауға арналады. Бұл өз кезегінде Каспий өңіріндегі батыс бағдардың экспорттық әлеуетін арттырады.

2_213_9

Құрық паром кешені «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы нысан  ретінде Қазақстанның транзиттік көліктік әлеуетін көтереді. Ұлы Жібек жолының дамуына ықпал етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі